Бақылау диктанты «Дастарқан басында»

Сабақтың  тақырыбы: Бақылау диктанты «Дастарқан  басында»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,

                                      сауатты сөйлеу  мен жазуға үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау  сабағы     

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

Тыныс  белгілердің   қойылу  ережелерін пысықтау.

             ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: бауырсақ, ірімшік

                                       Бақылау  диктанты

                                       Дастарқан  басында

            Ажар апам  дастарқан мәзірін жасады. Кең дастарқанға балдай бауырсақ, жент, май, құрт, ірімшік қойды. Төрт жасар Төкен Жақып атамызды:

Ата, тамаққа жүріңіз, -деп  асқа шақырды.

        Бірінші дастарқан басына атамыз отырды, кейін біз отырдық. Атамыз бірінші болып дәм татты. Бәріміз ас ішіп болған соң, атамыз бізге:

- Дастарқан қайырын берсін! -деп  бата берді. Ас өте дәмді болды. Біз Ажар апамызғаалғыс айттық.(60 сөз)

 

Тапсырма. Мәтіннен қаратпа сөз бен төл сөзді табыңдар.

 

            ІV. Бекіту   бөлімі

  Сұрақтар қою  арқылы бекіту

             V. Үйге  тапсырма

Өткенді   қайталау

              VІ. Бағалау бөлімі

Диктант   жұмысы  бойынша  бағалау.

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.