Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.


 

         Сабақтың мақсаты:

 

         Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіту. Ойын арқылы оқушылардың дене мүшелерінің атауларын қайталатып, меңгерту. Ұ және ү әріптерін орынды қолдануды үйрету.

 

         Тәрбиелік: Дене мүшелерін әрқашан таза ұстауларына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Тазалық тақырыбына тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

 

         Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Не істеді? деген  сұраққа дұрыс жауап беруге баулу.

 

Сабақтың барысы:

 

         І. Ұйымдастыру кезеңі.

         ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

         ІІІ. Сабақты бекіту.

         ІV.  Үйге тапсырма.

         1. 1-тапсырмадағы мәтін бойынша айтылым әрекетіне жұмыс жасату. Тапсырманы барлық оқушыларға орындату.

         2. ІІ жақта сөйлеп үйрету үшін өзінің досы туралы айтқызу. 2-тапсырманы жұптық түрде орындату.

         3. 3-тапсырмадағы аударма мақсатында берілген сөйлемдер арқылы сұраққа жауап бере білу әрекетін жетілдіру үшін жұмыс жасату.

         4. Оқушылардың оқылым әрекетін және қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру үшін 4-тапсырманы орындату.

         5. Жазылым әрекетін 5-тапсырма арқылы жалғастыру. Оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрау қабілетін ұштау.

         6. Оқушылардың тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 6-тапсырмада берілген сөйлемдерді толықтыру. Үндестік заңын пысықтау.

         7. 7-тапсырмадағы сөздерді ұ және ү әріптерін орынды қолдану арқылы сауаттылықты бекіту мақсатында орындату. Тапсырманы бірінші ауызша орындату, кейін жазбаша жұмыс арқылы бекіту. Үлгі эталонын ұсыну.

 

Ү л г і э т а л о н ы

тұр, мұрын, жүр, құлақ, құлақшын, үлкен, күн

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.