Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру.Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Диктанттар жинағы
Әдісі:сұрақ-жауап, өзіндік
Түрі: бағалау
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа даярлық
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Кекілік
ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? 2) Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
3)Ерекше сөздерді 3 рет қайталап оқиды.
Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қатар-қатар қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта үйір-үйір болып жүреді. (37 сөз.)
Қандай мәтін түріне жатады.
«к,г» әріптерінің астын сыз.
ІҮ. Сабақты аяқтау. Бағалау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.