так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі / 2 сыныптың қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / № 104.Тақырыбы:Етістіктерді қайталау сөйлеу мәдениеті.(Терме диктант)

№ 104.Тақырыбы:Етістіктерді қайталау сөйлеу мәдениеті.(Терме диктант)


Мақсаты: Етістіктерді тауып. ажырата  білуге үйрету. Тілін, сөздік қорын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: қайталау

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу.  Терме диктант:

                                      Қараторғай мен бұлбұл.

                                              (Мысал)

    Қараторғай оқитын сыныпқа бір күні Бұлбұл келіп қосылды. Бұлбұлды енді бүкіл сынып мақтады. Концерт қойса, Бұлбұл ән салады. Жиында Бұлбұл сөйлейді. Басқа мектептен біреулер келсе, Бұлбұлды құттықтайды. Жарыстарға Бұлбұл барады. Газет бетінен Бұлбұл түспейді. Қараторғай сабағын ғана білді. Тоқсан аяқталды. Оқу қорытындысы шықты. Жұрт Бұлбұлдың сырын сонда ұқты. Ол сабағын мүлде қойған еді. Көпшілік назары Қараторғайға ауды.

                                                                                                             (С.Сарғасқаев)

  Етістіктерді теріп жаздыру.                                                                                                                                                                                                                                        Қорыту: Етістік дегеніміз не? Дара етістік дегеніміз не? Күрделі етістікке сөйлем  құру.

ҮІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.