Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру және сурет бойынша әңгімені құрастыруға үйрету.
Сабақтың мiндеттерi: - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың сөздiк қорын байыту;
- оқушылардың өз отбасына сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдерi | Мұғалiмнiң iс-әрекетi | Оқушылардың iс-әрекетi |
1. Ұйымдастыру кезеңi. | Сәлемдесу, отырғызу. |
|
2.Қызықтыру | Үйімдеген сөзге ассоциативтік қатар жазғызу (жеке жұмыс). | Оқушылар өз бетінше 2 минут дәптерге үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазады. Мысалы: кең, жарық, керует, оң жақта, сол жақта және т.б. |
3.Мағынаны ажырату | Жаңа сөздермен таныстыру: оқу; аудару; жеке, хормен қайталау; жай сөйлемдерді құрастыру. Сөздер: үш бөлмелі - трехкомнатная, дәліз - прихожая, кіре берісте – при входе, ұйықтайтын (жатын) бөлме - спальня, ас үй - кухня, қонақ бөлмесі - гостиная, балалар бөлмесі - детская, жуынатын бөлме – ванная комната, әжетхана - туалет, кілем – ковер, әшекейілген – украшена. Сұхбатты құрастыру. - Сенің мекен-жайың қандай? - Менің мекен-жайым 6 шағынаудан, 10 үй, 23 пәтер. - Пәтерің неше қабатты? - Пәтерім үш қабатты. - Кіре берісте не орналасқан? - Кіре берісте дәліз орналасқан. - Тағы қандай бөлмелер бар? - Ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме мен әжетхана. - Сенің пәтерің қандай? - Менің пәтерім үлкен, жарық, таза, жылы. Жазбаша жұмысты дәптерге өз бетінше орындау. - Фонетикалық талдау жасау: пәтер. - Тәуелдеу: бөлме, ас үй. - Жіктеу: тұрғын, көрші. | Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды, сөйлемдерді құрастырады.
Берілген сөздер және суреттер бойынша сұхбатты құрастыру (топпен жұмыс). |
4. Ой толғанысы | Әр топ жасаған сұхбатты қорғайды. Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды. | Әр топтан екі оқушы шығып, жасалған сұхбатты қорғайды. |
5. Үй жұмысын беру. | Менің үйім деген сұрақ-жауапты жаттау. | Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
6. Бағалау. | Жазбаша жұмыстарын тексеріп, бағаны журналған қояды. |
|
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.