"Тіл- халықтың жаны"


Тақырыбы: « Тіл- халықтың жаны»
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі – рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Тіл-халықтың жаны» атты мерекелік сайыс -кешімізді бастаймыз.

Әнұран айтылады

2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.

1-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.