так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Самопознанию / Өзiн-өзiн тану "Өнерлі бала сүйкімді" 3 сынып

Өзiн-өзiн тану "Өнерлі бала сүйкімді" 3 сынып


Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбексүйгіштік» «ізденімпаздылық» арқылы дұрыс әрекет етуге баулу
Міндеттері:- еңбексүйгіштікке,ізденімпаздылыққа жетелеу
- еңбексүйгіштік,мейірімділік қасиеттерін дамыту
- еңбекқорлыққа,өнерпаздылыққа баулу Ресурстар:
оқулық, дәптер

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәт
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма : Ұқыпты бала-әдепті бала
- Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінді?
- Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиеледі?
- Ақылбекке қандай ақыл айтар едің?
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз
«Адамның сәні –өнер,білім,ақылы.»
Халық мақалы

Барлығына айтқызамын.
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызамын.
2. Әңгiмелеу
Құмға салған сурет
• Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?
• Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?
• Өз өнерлеріңді қалай шындап жүрсіңдер?
3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сурет салу,мақал-мәтел,жаңылтпаш айттыру

4. Топпен ән айту.
«Әнші балапан»
.

5. Үй тапсырмасы.
20-сабақ. «Құмға салған сурет» мәтінің оқып келу.

6. Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық,тыныштық бар жерде, тыныштық, тыныштық бүкiл әлемде)
-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
-Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.