Қазақ тілі 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Мұстафа Шоқай»


Мұстафа Шоқай- көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері. Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танып,  Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

Ақпан төңкерісіне дейін  Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. Өмірінің соңғы жылдары

Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан  Францияға барып орнығады.  «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы  Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады. (102 сөз)

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.