Сабақтың тақырыбы | Одағайдың түрлері |
Сабақтың мақсаты | 1. Білімділік: Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру. |
| 2. Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылық белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру |
| 3. Тәрбиелік: Жан- жақтылыққа баулу , пәнге деген қызығушылығын арттыру. |
Сабақтың түрі | Аралас сабақ. |
Қолданылатын әдістер | Сұрақ-жауап, тілдік талдау, түсіндіру, іздендіру, ой-қорыту, қорытындылау,иллюстративті |
Қолданылатын көрнекіліктер | Интерактивті тақта, оқулық, дидактикалық материалдар,кесте сызбалар |
Сабақтың барысы: |
|
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Үй тапсырмасын тексеру. «Біліміңді байқап көр» | Алдымен алған білімдерінді анықтап алайық. І. Сұрақ-жауап «Біліміңді байқап көр» 1. Одағай сөздер дегеніміз не? 2. Одағай сөздер қандай көңіл- күйді білдіреді? 3. Нені шақыру үшін қолданылады? 4.Не себепті одағай сөйлемде оқшау айтылады? 5. Одағайдың лексикалық (негізгі)мағынасы бар ма? 6. Одағай сөйлем мүшесі бола ала ма? ІІ. 315- жаттығу бойынша оқушылар сөйлемдерін оқиды, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтады. Мұғалім қорытады |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.