Жандаулетова Анар,
Өскемен қаласындағы
«Бриг»жеке меншік-бизнес
мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сынып: 4
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:Мамандық бойынша алған білімдерін қорытындылау.
2.Дамытушылық:Тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту,өз бетімен,жұппен,топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік:Еңбекке,тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер:оқылым,тыңдалым,сөйлесім,жазылым,әңгімелеу,сұхбат,
сұрақ-жауап,диалогтік әдіс,ойын элементтері,СТО стратегиясы.
Сабақта қолданылған формалар:жеке-дара,жұппен,топпен жұмыстар.
Сабақта қолданылған көрнекіліктер:кесте,сөзжұмбақ,тірек-сызбалар,суреттер.
Қолданылған технологиялар:сын тұрғысынан ойлау,модульдік.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Тілашар:
-Сәлеметсіңдер ме?
-Бүгін кім кезекші?(сұрақ-жауап).
Психологиялық сәт:
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Сабаққа дайынсыңдар ма?
ІІ.Қызығушылықты ояту.
Сұраққа жауап беру арқылы сөзжұмбақ шешу.
1)Кім бала оқытады? мұғалім
2)Кім азық-түлік сатады? сатушы
3)Кім жұмыс істейді? жұмысшы
4)Кім тамақ пісіреді? аспаз
5)Кім ән айтады? әнші
6)Кім адам емдейді? дәрігер
7)Кім үй салады? құрылысшы
8)Кім балық аулайды? балықшы
-Қандай сөз шықты?(Мамандық)
-Қай тақырыпты қайталаймыз?
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.