Мұғалім: Мукашова М.Қ.
Сынып: 6
Мақсаты:
Білімділік: Отанымыздың бас қаласыАстана туралы түсініктерін жетілдіру. Жаңадан бой көтерген әсем ғимараттар туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың Астана қаласына деген қызығушылығын
арттыра отырып, ойлауын, дүниетанымын, тілін, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Астанаға деген таңдану мен мақтаныш сезімдерін туғыза отырып,
Отанын сүюге баулу.
Көрнекілігі: Астана суреттері, «Бәйтерек», «Ханшатыр» суреттері, сызбалар, карта, хронологиялық кесте, интерактивті тақта /слайд-шоу/
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Пәнаралық байланыс: музыка, информатика, тарих, география, сурет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
-Бүгін нешесе?
-Аптаның қай күні?
-Қазір қай сабақ?
-Қазақ тілі нешінші сабақ?
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлесеміз?
-Жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын ата?
-Қыс мерекелерін ата?( Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл)
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Бүгін ауа-райы жақсы, себебі күн жылы.
Ә) Шаттық шеңбері: - Орнымыздан тұрамыз, шаттық шеңберін құрамыз.
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық.
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық.
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық.
Күн шуағын қонақтарға сыйлайық!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру «Сауал-бізден, жауап-сізден»
-Сыйлықтар қандай болады? (Сыйлықтар әртүрлі болады: гүл, кітап,ойыншық т.б)
-Досыңа туған күніне қандай сыйлық сыйлайсың?(Мен досыма ...... сыйлаймын)
-Туған күн иесіне не сыйлайды?(Туған күн иесіне сыйлық сыйлайды)
-Сенің туған күнің қашан?(Менің туған күнім .........)
-Биыл туған күніңді қайда өткіздің?(Мен туған күнімді дәмханада өткіздім)
-Сенің туған күніңе кімдер келді?( Менің туған күніме туыстарым, достарым келді)
-Қонақтар жақсы тілектер арқылы адамға не сыйлайды?(Жақсы көңіл-күй сыйлайды)
ІІІ.Жаңа тақырып (Қызығушылықты ояту)
1.Сабақтың мақсатымен таныстыру
«Бәйтерек», «Ханшатыр» қиылған қимадан, оқушылар өз топтарын табады
-Сонымен балалар өз топтарынды таптындар. Яғни осы «Бәйтерек», «Ханшатыр» қайда орналасқан екен?
-Дұрыс айтасыңдар, Астанада. Олай болса, бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көрсететін еліміздің бас қаласы, астанасы, жастардың, болашақтың қаласы «Астана қаласы» туралы болмақ.
-Астана туралы не білеміз?
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.