Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі – балалардың бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдаймыз.
2. Тәрбиелік – оқушыны досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға,сабырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу
3. Дамытушылық – оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: Орыс тілі, дүниетану
Сабаққа қажет көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, презентация, деңгейлеп бағалау таңбашалары т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар? Қазір қай сабақ? Қазақ тілі сабағы. Қолдарымызды ұстап, шеңбер жасап, мына өлең жолдарымен сабағымызды бастайық:
Айдай арайлап,
Күндей күлімдеп,
Жұлдыздай жарқырап
Сабақты енді бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?
4 тапсырманы жатқа айту. (5 мин.)
«Уақыт» модулі бойынша өткен сабақтарды тиянақтай отырып достарыңның білімін өздерің тексеріңдер. Мысалы: Бір жылда неше ай бар? т.б.
Бір жылда 12 ай бар.
Бүгін қай күн, балалар?
Күн ретін дәптерлеріңе жазайық.
Енді демалып алайық.
Сергіту жаттығуы:
Қоян, қоян тұршы,
Бетіңді жушы
Айнаға қарашы.
Шашыңды тарашы
Киіміңді киші
Мектебіңе қарай жүрші
Орныңа отыршы
Сабағыңды оқышы!
ІІІ.Жаңа білім беру
Балалар, осы қоян бүгін бізге жалғыз өзі келмепті өзінің досын алып келіпті. Қане қоянның досымен танысайық.
Бүгін сабақта осы екі достың күн тәртібімен таныс боламыз. Қане мұқият суретке қарайық. Қонжық пен қоян не істеді? (Оқушылар слайдтағы суреттерге қарап жауап берді, оқыды)
Мұғалім 3 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
2 деңгей тапсырмасы сурет бойынща әңгіме құрау.
– 3 тапсырмада реттік сан есімдердің жұрнақтарын еске түсіре отырып дәптерлерімізге сан есімге – ыншы, - інші, -ншы, -нші жұрнақтарын жалғай отырып жазайық.
Мұғалім 2 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
Оқушылар тақтадағы керекті сөздерді пайдалана отырып, Қоян мен ая сияқты сендер де достарыңмен өткізетін күн тәртіптеріңнің ретін айтыңдар.
Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Жұмбақ.
Тық – тық ұрып,
Шегесін қадап,
Мезгілді саған,
Айтады санап.
(сағат)
Ал балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік. Тақтадағы берілген уақыттың бірін таңдап 1 сөз тіркесі немесе 1 сөйлем құрастырыңдар.
Мұғалім 1 деңгейдің белгісін кестеге қояды. (бағалайды)
Енді арамыздан көшбасшыны таңдайық. Тақтадағы кестеге бағаларды жазайын. (Құттықтадық)
Қорытынды:
Ал, балалар қоян мен аюды неге достар деп айтады?
Өйткені олар бірге ойнайды, бірге сабаққа барады тату жүреді т.б.
Бізде аю мен қоян сияқты достарымызбен бірге уақытымызды қызықты өткізейік, қамқор болайық.
Балалар, біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады олар бір- бірімен тату дос. Осы достығымыз жалғаса берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы:
75 бет, 4 тапсырманы жаттау
Сау болыңдар!
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.