так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.

Қазақ тілі 2 сынып. Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде             атқаратын қызметіне түсінік беру.Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге,    тиянақталыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, сұрақтар, сөйлемдер жазылған парақтар, ребус.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық кезеңі. Келген қонақтармен амандасу.

- Амансың ба, Алтын Күн!

- Амансың ба, Көк Аспан!

- Амансың ба, Жер-Ана!

-Амансың ба, қонақтар,

Сіздерді көріп қуанам.

Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.

ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.

Күннің шығуы- (таң ату)

Мектептегі 45 минут- ( 1 сабақ)

Мемлекеттік бас қала- (Астана)

Күшіңе сенбе- (Біліміңе сен)

Денсаулық- (зор байлық)

ІІІ. Сабақтың ұранын еске түсіру:

Қазақ тілім-өз тілім, дана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым қазақ тілім,- дей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді. Біз қазір 3 ауылға бөлінеміз: Абай ауылы, Ыбырай ауылы, Жамбыл ауылы.

Ой қозғау.

-Абай деген кім?

-Абай-ұлы ақын.

-Ыбырай деген кім?

- Ыбырай алғашқы ұстаз.

- Жамбыл деген кім?

- Жамбыл –халық ақыны.

Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар?

(сөйлемдегі екі сөздің арасында сызықша қойылған. Ол екі сөзде бастауыш)

Дұрыс айтасыңдар. Бұдан қандай ереже шығады?

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады.

Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше, әр ауылдың үй тапсырмасын қалай орындағанын тексерейік. 4 жаттығу.

Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасында неге сызықша қойылған?

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.