Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, пән аттарын дұрыс айтуға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту. б) Еңбекқор,білімдар болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: әдеп, математика.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Түгендеу.
Өткен сөздерді қайталау.
Үй тапсырмасын тексеру
2.Негізгі кезең
а) Жаңа сөздермен танысу.
Сабақ – урок
Бейнелеу өнері – изобразительное искуство
Дене тәрбиесі – физкультура
Аптасына – в неделю
Бір рет – один раз
ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.
3.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Мәтінді оқып, аудару.
2-жаттығу.Сұрақтарға жауап бер.
1) Бүгін қай күн?
2) Бүгін неше сабақ болады?
3) Математика нешінші сабақ?
4) Ертең қай күн?
5) Қазір қай сабақ?
3-жаттығу. Оқы, жаз.
Үлгі: Сәрсенбіде бес сабақ. Аптасына қазақ тілі үш рет болады.
4-жаттығу. Тыңда, қайтала.
3.Бекіту
4-жаттығу арқылы өтілген сабаққа қайталау.
Үлгі: Бұл математика сабағы
Сабақта біз не туралы айттық?
Қандай пән аттарынбілесіндер?
Ертеңгі сабақ кестесін кім айтады? (оқушылардың жауаптары)
4.Бағалау: «5», «4», «3» бағалармен бағалау.
5.Үй тапсырмасын беру.
5-жаттығу.а) Мәнерлеп оқу, өлеңді жаттау.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли.
ә) Жаңа өтілген сөздерді жаттау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.