так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ.

Қазақ тілі 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ.


Мақсаты: а) Оқушыларға жаңа сөздерді таныстыру, төл дыбыстарды  дұрыс айтуға үйрету. ә) Оқушылардың сөйлесу әрекетін, ойлауын, еске сақтауын, қиялын дамыту. б) Еңбекқор,білімдар болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдісі: Сөйлесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдеп.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Түгендеу.

Өткен сөздерді қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру

2.Негізгі кезең

а) Сурет арқылы жаңа сөздермен танысу.

Әжә – бабушка

Ата – дедушка

Әке – папа

Ана – мама

Әпке – старшая сестра

Аға – старший брат

ә) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.

Үлгі:Ақ әже. Әдемі ана. Менің атам, әжем бар. Әпкем жетінші сыныпта оқиды.

3.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Мұғалім сурет бойынша сөздерді айтады. Оқушылар әр сөзді тыңдап кейін бірнеше рет қайталайды. Сөздер хормен және жеке-жеке айтылады. Сөздерді қайталау кезінде әрбір сөздің дұрыс айтылуы мұғалім қадағалайды.

3. Сергіту сәті.

Мынау – менің отбасым.

Танысыңдар, достарым.

Мынау – әкем, бұл шешем,

Інім, әпкем және мен. 

2-жаттығу.Сұрақтарға жауап бер.

3.Бекіту

 3-жаттығу арқылы өтілген сабаққа қайталау.

Сабақта біз не туралы айттық?

Қандай пән аттарынбілесіндер?

Ертеңгі сабақ кестесін кім айтады?  (оқушылардың жауаптары)

4.Бағалау: «5», «4», «3» бағалармен бағалау.

5.Үй тапсырмасын беру.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.