так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Отбасы

Қазақ тілі 3 сынып. Сабақтың тақырыбы: Отбасы


Сабақтың мақсаты: 

            Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру.  2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.

             Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.

             Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.

 

Сабақтың барысы:

             І. Ұйымдастыру кезеңі.

            ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.

                       1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.

            2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.

            3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.

            4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.

            5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.

            6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.

 

ІІІ. Сабақты бекіту.

           

ІV.  Үйге тапсырма.      10 сөз

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.