так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Үстеудің құрамдық түрлері.

Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Үстеудің құрамдық түрлері.


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Үстеу құрамдық түрлері туралы түсінік беру. 
1. БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға үстеудің құрамдық түрлері туралы түсінік беру, құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету. 
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.. 
3. ТӘРБИЕЛІК: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу. 
САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ. 
ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап. 
КӨРНЕКІЛІГІ: грамматикалық тірек – сызбалар, оқулық, дәптер, тақта, бор. 
САБАҚ БАРЫСЫ: 
I . ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: 
Оқушылармен амандасу: 
4. Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
5. Отырыңдар. 
Кезекшімен сөйлесу: 
 Сыныпта кім кезекші? 
 Бүгін сыныпта кім жоқ? 
 Оқушылар сабаққа дайын ба? Оқу құралдары тегіс бар ма? 
ІІ ҮЙ ЖҰМЫСЫН СҰРАУ: 
Үйге тапсырма: 270-жаттығу, ережені түсініп оқу, қайталау. 
Қайталау сұрақтары: 
 Үстеу дегеніміз не? 
 Үстеулер қандай сөз таптарынан ауысып келген сөздер? 
 Үстеулер морфологиялық құрылымына қарай неше топқа бөлінеді? 
 Жалаң үстеулер нешеге бөлінеді? 
 Күрделі үстеулер қалай жасалады? 
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ: 

І. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір. 
Негізгі ұстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ, -рек, -ырақ, -ірек, және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам – жылдамырақ, жылдамдау, тез – тезірек, тездеу, ілгері – ілгеріек, ілгерілеу, кещ-ш – кешірек, кештеу т.б. 
ІІ. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірімен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады. 
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар: 
 –ша., -ше: адамша, балаша, көзінше. 
 –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей, қыстай, осылай, ақшалай. 
 –дайын, -дейін, -тайын, -тейін: тотыдайын, бұлақтайын, сұңқардайын т.б. 
 – шама, -шеме: осыншама, біршама, соншалық т.б. 
 – майынша, -мейінше, байынша, - бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар айтпайынша, оқымайынша, тыңдамайынша т.б. 
ІІІ. Күрделі үстеулер екі я одан да көп түбірдің немесе сөздің бірігіп, тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады: 
i. сөздің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулері: жаздыгүні (жаздың + күні), таңертең (таң + ертең), ендігәрі (енді+гіден+әрі), биыл (бұл жыл), бүгін (бұл күн) т.б. 
ii. сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер: жоғары-төмен, енді-енді, әрең - әрең, қолма-қол, бет-бетімен, қолды-қолына т.б.; 
iii. сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеулер: күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, қаннен – қаперсіз күн ілгері, күн ұзаққа т.б; 

ІV . Жаттығу жұмыстарын орындау: 
272-жаттығу. Көшіріп жазып, үстеулерді тауып, оларды құрамы жағынан талдаңдар. 
Үлгі: әрі – беріден – қосарланған күрделі үстеу. 

V . САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: 
Сабақты бекіту: сұрақ-жауап арқылы. 
Үйге тапсырма: 273, 274-жаттығулар, ережені түсініп оқу, қайталау. 
Бағалау.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.