Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қордай ауылы Абай атындағы № 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анықбаева М.
Сабақтың мақсаты:Қос сөздердің мағынасын білуі керек.Сөздердің түрлерін ажыратып, жазылуын білуі қажет.
Сабақтың міндеттері: 1. Қос сөздердің түрлерімен таныстыру, жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.Сөз туралы кеңінен мағұлмат беру.
2. Танымдық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорларын байыту. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Әдемілікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :бекіту.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың әдісі: СТО,бағалау,оқытудың жаңа технологиялары.
Көрнекіліктер: тест,белсенді тақта.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі .Психологиялқ тренинг.
-Әрбір адам? -Досым, сыныптасым.
-Әрбір сабақ? -Үйрену, оқу, іздену.
-Әрбір ісің? - Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, оқушылар бүінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
2 .Ой қозғау.
Желтоқсан айындағы мерекелер.Топпен таныстыру.Ұрандарын айтқызу.
3 .Поэзия минуты. Тәуелсіздікке арналған өлең. Мәнерлеп, жатқа айту.
4. Ойға шабуыл. Блиц турнир.
-Дыбысты немен таңбалайды? әріп
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-ге дауысты,дауыссыз
-Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? Жуан,жіңішке,қосарлы.
- Қосарлы дауысты дыбыстарды айт.
-Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді? Ашық, қысаң.
-Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?еріндік,езулік.
-Фонетика нені зерттейді? Дыбыстарды
-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң, ұяң, үнді.
-Пунктуация нені зерттейді? Тыныс белгілерді.
-« Жаны зәр түбіне жету» сөзінің мағынасы. Қорқу
Орфография нені зерттейді? Сөздердің дұрыс жазылуын
- Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? Морфология
-Сан есімнің сұрақтары? Қандай?қай?
-Заттың қимылын білдіретін сөз табы. Етістік
-Дауыстылардың саны қанша? 12
-Сөз таптары нешеу? 9
-Бір сөз табынан жасалып, бір ғана сұраққа жауап береді. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі
-Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы, тұрлаусыз.
-Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш, баяндауыш
-Құрмалас сөйлем деген не?
-Сөйлем түрлерін айт, түрлендір. Хабарлы,сұраулы, лепті.
5.Сөз топтастыру.
6 Жаңа сабақ . Ертегі « Лексика патшалығы»
7.Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық.
Түп-түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу. Әр топ өз атын жазу.Дыбыстық талдау. Сөйлем құрастыру. Ауызша сөз тіркестерін айту,сөз мағынасын ажырату.
8. Оқулықпен жұмыс. 56-жаттығу.Сөздерден сөйлем құрап жаз.
Деңгейлік тапсырма:
1-топ: Сөйлемде бірыңғай мүшелер болсын.
2-топ: Құрмалас сөйлем.
3-топ: Сөйлемде қыстырма сөз болсын.
57-жаттығу. Мәтінді, оқып, қос сөздерді теріп жаз, бірінші сыңарларының тұлғасына назар аудар.
Деңгейлік тапсырма:Қос сөздердің түріне әр топқа бөлу, сөздер айтқызу.
9. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік.
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Еемен, тәуелсіз, азат ел көрдік.
Ойын: «Қызықты грамматика» Логикалық сұрақтар, слаид.
10. Сабақты қорыту. Тестпен жұмыс.
11. Бағалау.
12.Үйге тапсырма:58-жаттығу 83-бет.
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ.
Қазақ тілің өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі-өмірің де, өлең де,
Қазақ тілі- болашаққа жетелеп
Ұрпақтарды танытады әлемге.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.