Алматы қаласы
Алмалы ауданы
№67 ЖББМ КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Омарова Динара Нусиповна
Қазақ тілі 6 «А» сынып | Күні: |
Сабақтың тақырыбы: | Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер |
Сілтеме | С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Алматы, «Атамұра» 2011ж. |
Сабақтың мақсаты: | Білімділік: Сан есім және оның құрамы туралы түсінік беру, грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық деңгейін, ой-өрісін кеңейту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бір-бірін тыңдай, сыйлай білуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу |
Оқуты нәтижесі | Жеке және топтық жұмыс арқылы білім алмасып, сөйлеу дағдысын, шығармашылық қабілетін, молайтады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | диалогтік әдіс, жеке және топтық жұмыстар арқылы талантты, дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасау |
Сабақтың көрнекілігі | Сызба-кесте, слайд, үлестірмелі қағаздар |
Пәнаралық байланыс: | әдебиет |
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері | Уақы-ты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | а) оқушылармен амандасып, түгендеу б) сынып тазалығына назар аудару және оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту | Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендейді |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі | 5 мин | Барлық оқушылардың үй жұмысын толық, дұрыс, түсініп орындалуын анықтайды Сын есіммен байланыстырып, «Күз» тақырыбында шағын шығарма жазу | Оқушылар «Күз» тақырыбында шығармаларын оқып, сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратады |
Өзектілеу кезеңі | 2 мин | -Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау (Ертегі арқылы оқушыларға мәлімет беру отырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау) | Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады |
Білу | 6 мин | Заттың саны, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім қанша? неше? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі деп екіге бөлінеді.
|
|
Түсіну | 5 мин | -Мәтінді тізбектеп, мәнерлеп оқыту
-Мәтіннің мазмұнына шолу жасайды, А,В,С деңгейдегі оқушылар өз ойларын ауызша айтады.
| Оқушылар мәнерлеп оқып шығады
Оқушылар арасынан әр топтан А,В,С деңгейлері шығып мазмұнын айтады.
|
Қолдану | 9 мин | -77 бет 159-жаттығу (дара және күрделі сан есімдерді табу, сөйлем құрастыру)
-Көру диктанты (санмен көрсетілген сан есімдерді жазбаша жазып шығады)
-Мәтінде түрлі-түсті әріптер берілген, сол әріптерді бір түспен сәйкестендіріп сан есімдерді табу
| Оқушылардың бірі тақтаға шығып дара, екіншісі күрделі, үшінші оқушы сөйлем құрастырады.
Оқушылар өзара бір-бірін тексеріп бағалайды.
Оқушылар топпен мәтіннен сан есімдерді тауып шығады, ауызша оқиды.
|
Сергіту сәті | 1 мин | Әртүрлі суреттер топтамасы ұсынылады. Көзге арналған жаттығулар | Оқушылар жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату. Суреттер топтамасына қарап, көздерін жаттықтырады. |
Талдау | 3 мин | - 1- топқа «Жүргек поезд» тапсырмасы ұсынылады. Олар артық вагондарды анықтап, тақырыпқа сай сан есімді тауып, вагондарды тіркеу қажет. 2,3 – топқа «Түймедақ» гүлін құрастыру ұсынылады. Бірі дара сан есімдерді анықтаса, бірі күрделі сан есімдерді анықтайды
| Оқушылар топпен бірігіп бірі поезд вагондарын тіркеп құрастырады, екіншілері «Түймедақ» гүлін құрастырып, сан есімдерді анықтайды.
|
Жинақтау | 4 мин | -Қима-қағаздарда берілген жалпы сөз таптары бойынша сұрақтарға жауап береді. | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді, жауап берілген сұрақтарды өз орнына сәйкестендіріп орналастырған кезде тақырыппен байланысқан сурет бейнесі шығуы тиіс
|
Үй тапсырмасы | 1 мин | 78 бет 161-жаттығу «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма жазу (сан есімдерді қатыстырып)
| Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын белгілейді |
Оқушылардың білімін бағалау | 4 мин | Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды (суммативті)
| Өзін-өзі бағалайды |
Рефлексия кезеңі | 2 мин | -Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленеді? -Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық? | « Білім ағашы» арқылы оқушылар түрлі-түсті қағаздармен бүгінгі сабақтан алған әсерін көрсетеді |
Тексерілді:
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.