Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту, сан есім алған білімдерін қайталау .
2. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру
3. Ата-анаға, жолдастарына, мұғалімдерге деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ (аралас)
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, СТО, түсіндіру, сөйлем құрау, мақал - мәтелдер, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Мектеп суреті, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
І Үйымдастыру кезеңі: Біз бүгінгі сабағымызды бір–бірімен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
1) Психологиялық кезеңі
Бір бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын./ 1 слайд/
2)Көңілді санамақтар /2 слайд/
К2 лік
Баласына ж2ріп
Ұрысып жатыр к2лік
2леніп, с 2ріп
Алып қапсың 2лік
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2рді.
ІІ. Жаңа сабақ:
1./Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін мына тапсырмаларды орындайық.
а/.Берілген әріптерден сандардың өсу ретімен сөзді құра /3 слайд/
4 2 6 1 3 5
т е п м к е
ә/ Биыл нешінші жыл:
0 5 1 2
е е ш н
б/ .Енді сандардың кему ретімен сөзді құра
2 4 7 5 3 1 6
т а қ б т ы а
2./ Өте жақсы ,бірақ ол лексикалық тақырыбымыз, балалар, ал енді грамматикалық тақырыбымыз қандай екен деп ойлайсыңдар? Жаңа орындаған тапсырмаларында тапсырмалар нелер арқылы берілген? Міне қараңдаршы.
- Дұрыс, грамматикалық тақырыбымыз сан есім қайталау.
3./ – Бүгінгі сабақтың тақырыбы Мектеп неше қабатты? Сан есім. /4слайд/ Мақсатымыз: оқушылардың мектеп туралы түсініктерін кеңейте отырып және сан есімнен алған білімдерін қайталау арқылы ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту. Дәптерлерімізге бүгінгі күнін, тақырыбын жазып алайық.
4./ Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтағанда Биыл нешінші жыл? деген тапсырма бекер берілген жоқ. Осы 2015 жыл несімен ерекшеленеді: /5слайд/
- Биыл Қазақ хандығының 550 жыл мерейтойы.
- Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 70 жыл
- Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл
- Өте жақсы. Осы мерейтойлар әрқашанда естеріңде жүрсін.
5./ «Мектеп» тақырыбына қатысты сөздерді таба білу: Орман, ықшамаудан, дәрігер, оқырман, теледидар, ата-ана, гүлзарлар, мектеп бітіруші, аспан, қонақ үй, теңіз, табиғат, пәндер, үйірме, қарағай, шеберхана. /6 слайд/ 6./Сөздік жұмыс: /7слайд/ Ғимарат –здание Салынған – построен Тойладық –праздновали Мақтан етемін –горжусь Сөздермен сөз тіркес, я сөйлем құрастыру.
7./Мәтінмен жұмыс «Мектеп» мәтінді түсініп оқып,берілген тапсырмаларды орындау./ 7 слайд/
Мектеп
Дарьинск мектеп гимараты 1938 жылы салынған. 2013 жылы мектептің 75 жылын тойладық. Мектепте 506 оқушы оқиды. 60 мұғалім жұмыс істейді. Біздің мектеп 3 қабатты. 1 қабатта 10 кабинет , кітапхана, шеберхана және мәжіліс залы бар. 2 қабатта 9 кабинет , спортзал және асхана бар. 3 қабатта да 10 кабинет бар. Мектептің сыныптары кең, жарық және таза. Әрбір кабинетте парталар 3 қатардан орналасқан. Бір сыныпта 20 оқушы. Біздің мектепте жыл сайын «Алтын белгі» иегерлері шығады. Мен өз мектебімді мақтан етемін.
тапсырма: мәтінді тізбектеп бір сөйлемнен оқимыз.
2-тапсырма: Берілген сан есімдерді тақтаға сөзбен жазу.
6./ Сергіту сәті.
- Балалар біз сабақтың алдында топқа бөліндік. Келесі тапсырмалар әрбір топқа беріледі..
Топтық жұмыстар :
1 –тапсырма : Мәтін бойынша неше,қанша сұраулы есімдіктермен сұрақ құрастыру.
2 –тапсырма.Келесі тапсырма мақал – мәтелдердің жалғасын тап.
Оқу - ... /білім бұлағы/ .
Өмір - ... /үлкен мектеп/.
Оқу - білім азығы,... /Білім – ырыс қазығы/.
Кітап –... / алтын қазына/ .
Білетінің бір тоғыз,... /Білмейтінің тоқсан тоғыз/.
Кітап-ғылым – ... /тілсіз мұғалім/.
Оқу – білім бұлағы,... / білім – өмір шырағы/.
Күш – білімде,... / білім – кітапта/.
Жеті жұрттың тілін біл,... / жеті түрлі білім біл/.
Екі жақсы қас болмас,... / екі жаман дос болмас/.
Жігіт бір сырлы, .../сегіз қырлы болсын/.
Тоқсан сөздің .../ тобықтай түйіні бар/.
3-тапсырма Берілген сөздерді: І топ - септеу; ІІ топ- тәуелдеу; ІІІ топ - жіктеу
І топ: Бірінші ІІ топ: Парта ІІІ топ: Оқушы
4-тапсырма «Менің армандаған мектебім» атты тақырыпқа постер жасау.
ІІІ Қорытындылау: 1.Бес жол өлең құрастыру
І топ:1 Мектеп ІІ топ: Мұғалім ІІІ топ: Сынып
2. Сұрақ – жауап:
- Сан есім деген не?
- Биыл қандай мерекелерді тойлаймыз?
ІҮ Үйге тапсырма: сан есімнің ережесін қайталау.
Ү Рефлексия : Мектеп суретіне жылы лебіздерді ілу.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.