Сабақтың мақсаты: Көктем айында айналада болатын өзгерістер жайлы, балалардың түсініктерін кеңейту
Міндеті: тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділігін, қызығушылығын арттыру .
Күтілетін нәтиже: көктем айлары туралы меңгереді,Ұлы Отан соғысы жайлы білімдері кеңейеді.
Қолданылатын модульдер: Ой шақыру, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту,сын тұрғысынан ойлау,бағалау.
Стратегиялық іс-әрекет: «топтық жұмыс», «жеке жұмыс», «жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.
Уақыт өлшемі | Сабақ этаптары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеттері | Ресурстар |
1 мин | Ұйымдастыру Сәлемдесу | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу, түгендеу | Сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді |
|
1 мин |
| Топтық жұмыстың маңыздылығы жөнінде видеоролик көрсету | Видеороликті қарап топтық жұмыстың маңыздылығын түсінеді. | Видеоролик
|
2 мин | Топқа бөлу | Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
Бағалау өлшемімен таныстырады. | Оқушылар көктемнің айларына байланысты топқа бөлініп отырады. Бағалау өлшемімен танысады. | Бағалау парақшалары. |
5 мин | «Ой шақыру»
| Көктем мезгіліндегі табиғаттың өзгерісі туралы бейнежазба көрсету | Видеороликке қарап көктем мезгіліндегі өзерістермен танысады. | |
5 мин | «Қарлы кесек» | Өткен материалдар бойынша топ оқушылары сұрақтар дайындайды | Топқа сұрақ қояды, топтан бір оқушы жауап береді. Басқа топ мүшелері толықтырады. | Сұрақтар |
2 мин | Негізгі бөлім: Кіріспе сөз «Миға шабуыл»
|
Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды . -Сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? – Неге көктем деп ойлайсыңдар? – Көктемде неше ай бар? – Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
| Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтайды.Топтан бір оқушы жауап береді,топ мүшелері толықтырады.
|
Мультимедиялық тақта
|
10 мин | «Бірге ойлаймыз» | І топ Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.
ІІ топКөктем туралы диалог құрастыру. -Жылдың ең жылы мезгілі қандай? -Жылдың ең жылы мезгілі –көктем. -Көктем айлары қандай? -Көктем айлары :наурыз,сәуір,мамыр. -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Көктемде қар,мұз ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді.
ІІІ топ Венн диаграммасы Көктем мен қыс мезгілін салыстыру
|
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,сөйлем құрайды.Мәтінді құрау арқылы көктем мезгілі туралы меңгереді.
Оқушылар екеуара сөйлесім құрайды.Комуникативтік дағдылары қалыптасады.
Салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді. |
Оқулық
Кесте
Сағат суреті
Сөйлемдер |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.