Сабақтың мақсаты: Түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап алып, қолдана білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Мәтінмен жүйелі жұмыс істейді, керекті мәліметті таңдап алады, жай және тәуелді септеулерді еске түсіріп, орынды қолдана алады.
! Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. СТО, АКТ, диалогтік оқыту
Белсенді жұмыс түрлері: Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, Топқа бөлу, интербелсенді тақтаны түсіндіру құралы ретінде қолдану. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгей лік тапсыр малар орындау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Отшашу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. №10,11 тапсырмалар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар өз беттерімен мәтінді оқиды.
Түсінбеген сөздердің мағынасын көршісінен сұрайды.
Мәтінді түсініп оқиды. (өздігінен аударады)
Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.
№2 тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіру.
№3. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу.
№4. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастыру.
IV. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия. Сабақта нені үйрендім? Нені түсінбедім?
Үйге тапсырма. 44 бет.№4 Берліген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.