Сабақтың мақсаты: оқушылардың 1 тоқсанда өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды дұрыс және сауатты қолдануын қадағалау.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша меңгерген өз білімдерін дұрыс қолданып көрсете алады.
Әдістері: миға шабуыл, жек жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабқтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Бақылау жұмысы.
Сұрақтарға жауап жаз.
Әл-Хорезми қайда дүниеге келген?
Аристотель кім?
Пифагор қарастырған ғылымның төрт саласын жаз.
Қазақ халқы қонақты қалай қарсы алған?
Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген?
Алаш ханның атымен байланысты қандай дәстүр бар?
Қонақты не себепті ерте шақыру керек?
Дастарқан басында өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі неде?
Бюджет дегеніміз не?
Отбасылық бюджет неден құралады?
Төмендегі сөздерді жай және тәуелді түрде септеңдер.
Оқушы, ғылым, қонақ, сыбаға.
Мына сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңдар.
Жанұя, әуежай, Көкшетау, Алатау, әке-шеше, жан-жануар, ыдыс-аяқ.
Етістіктерді үш шақта жіктеңдер.
Шақыру, жоспарлау, көмектесу, тырысу.
ІІІ. Сабақты қортындылау. Оқушылардың жұмыстарын тексеруге жинап алу.
Үйге тапсырма: 38 бет. Мақалдардың мәнін түсіндіру.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.