Сабаққа түсініктеме
7-ші сыныпта қазақ тілінен бағдарлама бойынша «Әженің әлдиі» тақырыбын өтеміз. Әр адам «әже» сөзін естігенде, балалық шағын, өз әжелерің еске түсіреді. Әжелеріміздің аяулы алақаны, тәп-тәтті бауырсықтары көз алдымызда. Сондықтан осы сабақты жоспарлағанда, мен біріншіден Әл-Фараби сөзін басшылыққа алдым. Ол былай жазған: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі.» Сабақтың басымды мақсаты-тәрбиелік. Тағы да бір ескеретін жай-үш деңгейлі курстарды аяқтағандықтан, сабақтағы жұмыс көбінесе топтық формасы арқылы өтеді. Жоспардың 4-ші бағанасында сабақтың әр кезеңінде қолданылған модульді көрсеттім.
Сабақтың барысы:
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Әженің әлдиі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығын еске түсіріп, оның әжесі Зере туралы әңгімелеу, оған мінездеме беру және де әжелердің немерелерін тәрбиелеуде зор маңызын түсіндіру
Дамытушылық:сөздік қорын байыту, лексикалық тақырып бойынша ауызекі және жазба сөйлеу тілін дамыту
Тәрбиелік: қазақ отбасындағы әжелердің ерекше әсерін көрсету, жасөспірімдерді әжелерді құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу, топтық жұмыс арқылы өзара көмек көрсету, бірін-бірі сыйлау дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, Қарақаттың «Асыл әже» әні
«Ақ сүт берген аналардың анасы-әже.
Әженің әңгімесін, ақылын тыңдау,
ертегісін есту, өнегесін үйрену-
ұрпақ үшін үлкен міндет»
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.