Сынып | 3 б | ||||
Мерзімі | 15.10.2014 ж. | ||||
Сабақтың тақырыбы | Сағаттың түрлері | ||||
Оқып үйренудің мақсаттары | - Сағаттың кварцты, электронды, маятникті түрлерімен таныстыру; - Уақыттарын үнемдеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. - Әртүрлі ойындар арқылы оқушылардың сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын молайту. | ||||
Табыс критерийлері | Сағаттың 3 түрін бір-бірінен ажырата алуы; Сұрақтарға дұрыс жауап беруі; Тапсырмаларды орындау барысында уақытты үнемді пайдалана алуы. | ||||
Күтілетін нәтиже | -Сағаттың түрлерімен танысады; - Уақыттарын үнемдеуді үйренеді; - Ойын барысында сұрақтарға сауатты жауап беруге тырысады | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Күтілетін нәтиже | Уақыты | |
Ұйымдастыру кезеңі | 1.Сәлемдесу 2.Сағаттың 3 түріне қарай топқа бөлемін (электронды ,маятникті, кварцты). 3.Ынтымақтастық атмосферасын құрамын; 4. Бағалаудың шартымен таныстырамын | 1 Сәлемдеседі 2. Топқа бөлінеді,топқа ат қояды,топ мүшелерін сайлайды; 3. Шаттық шеңберін құрады | Топтасады Пәнге деген қызығушылығы артады | 5 мин | |
Үй тапсырмасын сұрау | 5-тапсырма, 50-бет | Берілген сөйлемдерді толықтырып жазады,оқиды. | Өтілген тақырып бойынша білімдерін пысықтайды | 3 мин | |
Жаңа сабақ | Сөздік жұмысы | Бір оқушы тақтаға шығып,жаңа сөздерді орыс тілінде жазып тұрады, ал сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушытақтаға келіп, аудармасын жазады. | Оқушылар диалогтік қатынсқа түсе, жаңа сөздерді жаттап сабақтан тыс уақыттада қолданады. | 5 мин | |
Тапсырмалармен жұмыс | Сағат неше?сұрағы бойынша жұптық жұмыс жүргізіледі 1-тапсырма | Екеуара отырған оқушылар бір-бірінен уақытты сұрап мысалдар келтіреді. | Жұптық жұмыс арқылы қазақ тілінде тілдерін жаттықтырады. | 5 мин | |
Сергіту сәті 2-тапсырма бойынша берілген Б.Қошым-Ноғайдың өлеңін кез-келген әуенге салып айту топтық жұмысын тапсырамын. | Топпен ақылдаса келе, өлеңді әуенге салып шырқайды | Әуенге салып шырқау арқылы өлеңді жаттап алады. | 8 мин | ||
3-тапсырма бойынша уақыттың жалғасуы мен уақыттың нақтылығына 3-топқа мысалдар келтіру тапсырылады. | Топпен ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. | Тапсырманы орындау барысында диалогтік қарым-қатынасқа түседі. | 8 мин | ||
6-тапсырманың үлгісі бойынша 4- тапсырмадағы жаңа сөздерді кіріктіріп сөйлем құрауды тапсырамын. | Тізбектеп сөйлемдер құрайды. | 4-мин | |||
Сабақты қорытындылау | Түрткі сұрақтарды қою : 1.Қандай жаңа сөздермен таныстық ? 2. Қазір сағат неше болды? | Сұрақтарға жауап береді | Шапшаңдыққа ұмтылады. | 2 мин | |
Бағалау | Сабақ барысындағы жазба жұмыстарын сағат тілі арқылы өзара бағалау шартымен таныстырамын | Сабақ барысындағы жазба жұмыстарын сағат тілі арқылы өзара бағалайды. | Бағалау арқылы пәнге деген қызығушылығы артады. | 3 мин | |
Үйге тапсырма | 1-топ: Жаңа сөздермен сөйлем құрау 2-топ: 5-тапсырма,51-бет 3-топ:7-тапсырма,52-бет | Күнделікке жазып алады. | 1 мин | ||
Рефлексия | 1 мин | ||||
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.