3 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік № 25. 1 тоқсан № 25.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Азық-түлік туралы толық мәлімет беру.
- Дамытушылық: Тақырып бойынша есте сақтау және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
- Тәрбиелік: Оқушыларды азық-түліктің қадір-қасиетін білуге баулу. Азық-түліктің адам өмірінде басты орын алатындығы жайлы тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жаңа сөздер, суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, суреттер, тақта, кітап.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.
Жаңа сабаққа дайындау: 1-тапсырма, 68-бет. «Біліп ал» айдарымен берілген тапсырманы жазбаша дәптерлеріне орындатар алдында ауызша жұмыс жүргізіп алу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін сұрақтар мен көрнекіліктер арқылы жандандыру. «Азық-түлік» тақырыбы бойынша жұмысты бейнелеу өнері арқылы жандандыру.
5. Жаңа сабақ: Азық – түлік.
6. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сөздер:
Керек – қажет, үш рет, сүт тағамдары, ет тағамдары, тағам-пища, ет, ірімшік-сыр, тәтті.
Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.
2-тапсырма, 68-бет. Оқылым және айтылым әрекетіне берілген тапсырманы сөз тіркестерін жасап, сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындату. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.
3-тапсырма, 69-бет. «Сөйлеп үйрен» айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде
орындату. Әр оқушыға азық-түлікпен істеген ісі туралы айтқызу. Сыныптағы оқушылардың
барлығын тақырып бойынша сөйлету. Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
.
4-тапсырма, 69-бет. Негізгі тақырып бойынша қайталау мақсатында берілген тапсырманы оқылым, айтылым әрекеттерімен бастап, жазылым әрекетімен ұштастыру.
8. Сабақты қорытындылау:
5-тапсырма, 69-бет. Жазылым әрекетіне берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату. Сауатты сұраулы сөйлем құрап үйрену үшін берілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде орындату.
Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 69-бет. Сөзжұмбақты шеш.
Оқушылардың білімін бағалау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.