Тақырыбы: Омонимдер
Мақсаты: білімділік: Оқушыларға омоним сөздің емлесін мысалдар келтіру арқылы ұғындыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: тірек сызба
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру
«Жақсы деген немене,
Жаман деген немене» (ойтолғау)
Қайталау сұрақтары:
Сөз дегеніміз не?
Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы деген не?
Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
б) Жаңа сабақ
Омонимдербіркелкі дыбысталып айтылатын, тірақ мағыналары әр түрлі сөздердің тобын білдіреді.
Мыс: Қара- қара шалбар (сын есім, қандай?); қара ниет- ойы арам ; кісіге қара (етістік, не істе?)
(Тақтада үш омоним сөз беріледі де, үш қатардағы оқушылар мысал келтіреді.)
І қатар-Ат-
ІІ қатар-Қал-
. ІІІ қатар-Жүз-
Тілімізде көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Түбір сөзге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер деп аталады.
Мыс: Арық-1. Зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы.
2. Сын- жүдеу ,семіз емес.
в) Жаттығу жұмыстары
62-жаттығу. Тыйым сөздерді көшіріп жазыңдар. Осы тыйым сөздердің құрамында омонимдік мағына беретін сөздердің астын сызыңдар.
63-жаттығу. Мысалдарда кездесетін омоним сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
«Зерделі сұрақ,дәлелді жауап». Жекелеген оқушылармен жұмыс.
Мысал | Ереже
|
1.Жастық | Көп мағыналы сөз (омоним)
|
Мысал | Ереже
|
2.Тамақ | Омоним (көп мағыналы сөз)
|
Мысал | Ереже
|
3.Бақ | Көп мағыналы сөз (Көп мағыналы сөз)
|
Мысал | Ереже
|
4.Жүз | Көп мағыналы сөз (омоним)
|
г) Бекіту
Омоним сөздер дегеніміз қандай сөздер?
Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмасы қандай?
д) Үйге тапсырма
64-жаттығу. Мәтіннен омоним бола алатын сөздерді теріп жазып,мысалмен дәлелдеңдер.
68-жаттығу. Өлең шумақтарында омоним кездесетіндей әзіл өлең құрастырып көріңдер.
е) Бағалау
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.