так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Математике / Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Есептер шығару. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Коэффициент. Есептер шығару. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.


Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Жақшаларды ашу, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, ұқсас қосылғыштар, ұқсас қосылғыштарды біріктірудің ережесін  пайдаланып, пысықтауға есептер шығарту.

Дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығарғанда пайдалана білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету,бір-бірінің білімін бағалай білуге тәрбиелеу:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын сабақ, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка, ведио, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

III.Өткен сабақты қайталау:(ауызша сұрақ арқылы)

1.Екі теріс санды қосу ережесін  тұжырымда.

2.Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін  тұжырымда.

3.Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?

4.Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі  қалай табылады?

5.Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

6.Жақша алдында«+» таңбасы болса,жақша қалай ашылады?

7.Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

IV.Жаңа сабақ.

Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

Мысал.4а-9а+3а-17а алгебралық қосындысы берілген .

4а-9а+3а-17а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды  ұқсас  қосылғыштар деп атайды.

4а-9а+3а-17а=(4-9+3-17)а=-19а

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1)Олардың коэффициенттерін қосу керек

2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Ұсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін.Мұндай жағдайда әртүрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді.

Мысал:5,7х-8у+3,6+4у-3х-5=(5,7-3)х+(4-8)у+(3,6-5)=2,7х-4у-1,4

Мысал: Өрнекті ықшамдап, оның мәнін табайық:

      5mn-4,8mn+7,5mn мұндағы m=2 ,n=-3

5mn-4,8mn+7,5mn=(5-4,8+7,5)mn=7,7mn=7,7·2·(-3)=-46.2

Жауабы:-46,2

Сергіту сәті: Қолмен ауада 0 ден 9ға дейінгі цифрларды жазу.

V. «Банк» ойынын пайдаланып есептер шығару. Банк-қаржы мекемесі онда барлық халық,барлық мекемелер, кәсіпорындар қаражаттарын жинайды және несие береді. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әр топқа банк атауын береміз. І-топ - Халық банкі, ІІ-топ - БТА банкі. 2 топтың президентін сайлаймыз. Қалған оқушылар - салымшылар. Әр банктің тапсырмалары 1 мыңдық, 2 мыңдық, 3 мыңдық, 5 мыңдық, 10 мыңдық бейнеленген ақшалы карточкаларға  жазылады.

1,2,3 мыңдық бейнеленген ақшада оқушының міндетті деңгейіне байланысты, яғни жеңіл тапсырмалар беріледі.

5 мыңдық  бейнесінде сәл күрделі тапсырмалар.

10 мыңдық бейнесінде қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі.

2 топтағы әр оқушы өз деңгейіне байланысты өзі шығарған есеп теңгелерді  өз банкісіне салып отырады. Қай банк қаржысының өсімі көп болса ,сол банк жеңіске жетеді.

1 мыңдық:№779.1)2а-8а+3а                        3)9в-5в-3в                   5)0,6с-с+0,5с

2 мыңдық.№780.___________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3 мыңдық. №788. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см,ал ені одан 3см қысқа. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы а=8

№789.1)6а+4в+3в-8а мұндағы а=1,в=0,5

5  мыңдық.№790 .

1) ( 3 х  + у ) — ( -х — 4 у ) ___________________________________________

__________________________________________________________________

5)(х-у ) + (х-у) — (2х+у) ____________________________________________      

№792 ___________________________________________________________________________________________________________________________________

10мыңдық.№802.1) 2(а-3в)+3а+в, мұндағы а-в=4_________________________

__________________________________________________________________

№801.1)4(3а+1,6)-(5+2а)-3(а-1,2)_____________________________________ __________________________________________________________________

VI. Үйге тапсырма: (сыныпта шығарылған есептердің жұптары)

Қорытындылау:(ауызша сұрақ арқылы)

1.Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп атайды?

2.Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?

VII. Бағалау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.