Мақсаты: Дөңгелектің ауданының және шеңбердің ұзындығының формулаларын тәжірибелік-зерттеу жұмысы арқылы дәлелдеу, формулаларды тиімді пайдаланып, есептер шығарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, тәжірибелік-зерттеу жұмысы
Көрнекілігі: компьютер, проектор, мультимедиалық презентация, өзіндік жұмыс тапсырмалары жазылған карточкалар, дөңгелектің моделі, жіп.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау.
Өзіндік жұмыс:
1 нұсқа.
Семей мен Георгиевка қалаларының арасы 185 км. Егер картаның масштабы 1: 5000000 болса, картада осы қалалар арақашықтығы неше см тең?
Картада А және В қалаларының арасы 4,3 см. Егер картаның масштабы 1: 20000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?
3. Картада Х және У пункттердің арасы 8,5 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 170 км. Картаның масштабын табыңдар.
2 нұсқа.
А және В қалаларының арақашықтығы 125 км. Егер картаның масштабы 1: 5000000 болса, қалалардың арақашықтығы қандай?
Картада А және В арасы 3,4 см және картаның масштабы 1: 20000000. А және В қалаларының арақашықтығын табыңдар.
Картада А және В пунктерінің арақашықтығы 7,2 см, ал жер бетіндегі арақашықтығы 360 км. Картаның масштабын табыңдар.
Жаңа сабақ:
«Ой ашар»
(Радиус, диаметр, щеңбердің центрі ұғымдарын қайталау. Слайд №4)
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.