так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Математике / Математика 4 сынып. Тақырыбы: Пысықтау

Математика 4 сынып. Тақырыбы: Пысықтау


Сабақтың мақсаты:

1.Бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау арқылы оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.

2.Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту.  Тапқырлыққа,ізденімпаздыққа, алғырлыққа,танымдылыққа баулу.Ауызша есептей алу дағдысын

қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

 3.Өз бетімен жұмыс жасай отырып,өзінің де,өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар.

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта,(флипчарт), топшамалар, сызба

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық (1 слайд)

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

    -Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алып тапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп  береді.)

ІІІ. Жаңа сабақ

     « Кім  зерек?» ойыны  арқылы өтілген көбейту  кестесін  пысықтау.(2,3 слайд)

 

Оқулықпен жұмыс

« Ойлан, тап » Тапсырма 1. Тиімді тәсілмен ауызша есепте.

 

Тапсырма 2

«Тауып көр» Кесте бойынша құрастырған өрнектердің мәнін тауып жазу (4слайд)

 

(150·2)+63═                 (963:3)+125═                  (440·2)+(10·3)═                (400:20)+(80·10)═

(50·20)-(450:5)═          (90+410)-(7·30)═            560-(120·3) ═                     600-(12·10)═

 

Есеп шығара білеміз бе? Есеп 3


Барлығы-54м                                                  

Көк -?м

Шешуі:                                                                                                 

54-(30+21)═3м

Жауабы: 3м  көк жібек мата сатып алынды.

  

Тапсырма 4 (1,2 бағаны) Өз беттерімен жұмыс

«Кім шапшаң?» уақыт белгілеп, сол уақыт ішінде қанша тапсырма орындағандарын қадағалау

 

900-783═ 117      539+295═834      701-568═133         677+69═ 746        1000-53═947

234·3═ 702            98·9═ 882              996:2═ 498           408:3═ 1224           140·4═560

 

Сергіту сәті

Отырып-ақ орнымда

Айдын көлді кешемін

Сен білмесең, егерде

Былай ескек есемін

 

Тапсырма 5.

«Сәйкесін тап»   өрнектерді салыстыра отырып, тиісті таңбаларды қою.(5 слайд)

 

50-15:5*(50-12):5                                                    4·2+12:4*(4·2+12):4

24:4+1·2*(24:4+1)·2                                                13·2-24:4*13·2-28:4

 

Шығармашылық тапсырма

«Адасқан жақшалар мен амал таңбалары»  қажетіне қарай орындарына қою. Әр қатар бір бағанын орындайды.(6 слайд)

534═17                 1234═11             

827═17                 1862═5

2056═24               584═52

 

ІV. Қорытынды

 

Үйге тапсырма 4тапсырманың соңғы бағаны, 7 тапсырма 162-163 беттерде.

 

Мадақтау, бағалау

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.