так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Математике / Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен азайтуға жаттықтыру.

Математика 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен азайтуға жаттықтыру.


Дамытушылық мақсаты:

Іскеріліктерін, ауызша жєне  жазбаша есептеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты:

Ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, ұлттық сана – сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

І. «Хан» ойыны.

Ойынға 5 оқушы қатысады. Алдымен жеке – жеке асық иіреді. Кімнің асығы алшысынан түссе, сол хан, кімнің асығы бірінші тәйкесінен түссе, сол уәзір болады. Уәзір сыныптағы оқушыларға  сұрақтар  қояды. Хан олардың жауаптарын бағалайды.

Өткен тарау бойынша қойылатын сұрақтар.

Таңбалары бірдей  сандарды қосу ережесі. Мысал келтір

     2)Таңбаларды әр түрлі сандарды қосу  ережесі. Мысал келтір

     3)Алгебралық қосынды деп қандай сандардың қосындысын айтамыз?

4)Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең?

5)Таңбалары әр түрлі сандарды азайту ережесі.

6)Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесі.

7)Рационал сандар қалай азайтылады?

ІІ. «Теңге алу» ойыны.

 Есепті тақтаға  3 қатардан  3 оқушы шығып шығарады. Дұрыс шығарған оқушы теңге алып отырады. Қай қатардың теңгесі  көп, солар жеңіске жетеді.

ІІІ. «Аңшылар»  ойыны.

Ойынға сынып  түгел қатысады. Сыныптан өз еркімен 2 оқушы  аңшы болады. Қалған оқушылар  үйректер болады. үйректер аңшыларға есептер ұсынады. Аңшылар есепті дұрыс  шығара алса үйректерді атып алғаны. Аңшылар ауыстырылып отырады.

ІV. «Аламан бәйге» ойыны.

Әр қатарға есептері бар 3 бет таратылады. Қатардағы  оқушылар кезекпен бір есептен шығарады. Әр  оқушы өзінің  есебін шығару ретіне байланысты  нөмірлейді. 5 – 6 минут уақыт  беріледі. Қай қатардың бірінші  болғаны, дұрыс  шығарғандығы соңынан қорытындыланады.

V. «Орамал тастау» ойыны.

Тақтаға шығып бір оқушы бастайды да әрбір  таңбадан кейін борды бір  оқушыға береді. Кезектесу арқылы орындайды.

VI. Сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады

5 сынып       Математика.

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер.

Сабақтың білімдік мақсаты: Ондық бөлшектерді жаза білуге және оқи білуге үйрету. Ондық бөлшектердің маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: Ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білім дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, икемділікке, алғырлыққа, зеректікке баулу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырып.

Сабақтың түрі: «Қазына аралына саяхат» ойын – сайыс сабағы..

Көрнекілігі: Пальма ағашы, кемелер, қағаздан жасалған кеме жолы, кітап, плакат, кубик.

 Сабақтың барысы

     Магнитті тақтада бірнеше сандар жазылған. Жылжымалы үтірді қолданып, үтірді қою арқылы сыныптағы  барлық оқушыларға оқытып шығуға болады.

Есептерді  шығару барысында  сынып 2 топқа  бөлініп «Қазына аралына саяхат» ойын – сайысына қатысады. Қазына аралы ретінде пальма ағашы алынып, оған баратын жол  нөмірленіп  жасалады. Әр топтың кемесі болады. Кеме капитаны, сайланады. Әрбір  топтың кеме капитаны кубикті лақтыру арқылы жүрісті таңдап отырады. Кубиктің  жақтарына  1,2,3 нүктелер белгілері  болады. 1 нүкте  жағы  түссе  1 жолға алға  жылжиды, тағы сол сияқты. Сонымен қоса жолда басқа белгілер бар. 
Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.