так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Математике / Алгебра 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.

Алгебра 10 сынып. Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.


Сабақ тақырыбы:

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.

Мақсаты:

Тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып,  оларды шешу әдістерін үйрену.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар тригонометриялық теңсіздіктер ұғымымен танысып, оларды шешуде алгоритмді қолдана алады.

Сілтеме

10 сынып алгебра және анализ бастамалары

Ресурстар

Интернет сайдтары, 10 сынып алгебра және анализ бастамалары оқулығы, критериалды бағалау бетшелері.

Тапсырмалар

  1. Ұйымдастыру
  2. Ауызша жаттығулар
  3. Шығармашылық тапсырма.
  4. Алгоритммен танысу.
  5. Деңгейлік тапсырма.
  6. Өзіндік жұмысы.
  7. Қорытындылау, бағалау.
  8. Рефлексия.

Жүргізілетін жұмыс.

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5мин

1.Ұйымдастыру.

Оқушыларды топқа бөледі, сабақ тақырыбы және  мақсатымен таныстырады. Бағалау бетшелерін таратып, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Топқа бөлінеді , сабақ тақырыбымен танысады.

3 мин

2.Ауызша жаттығу.

Теңдеуді шешіңдер.

a) sin x=1.             ә) tg x=0.

б) ctg x=-1.           в) sin x=0.

г) cos x=-1.

Берілген теңдеулердің шешімін ауызша табады.

10 мин

3.Шығармашылық тапсырма.

Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді бірлік шеңбер көмегімен шешу.


Әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау барысында тақтаның мүмкіншіліктерін ( сызғыш көмегімен координаталық жазықтық сызу, циркуль көмегімен шеңбер сызу, әр түрлі сызық түрлерін қолдану, фигура бөлігін түспен толыру, т.б.) қолдана отырып , шығару барысына түсіндірме жүргізеді.

12мин

Анықтама.  sin x <0,   sin x ≤0, sinx>0 , sin x≥0, cos x< 0, cos x > 0, cos x ≤0, cos x≥ 0, tgx < 0, tg x > 0,  tg x ≤ 0, tg x ≥ 0, ctg x < 0, ctg x > 0, ctg x ≤ 0, ctg x ≥0 түріндегі теңсіздіктерді тригонометриялық теңсіздіктер деп  атаймыз.

Алгоритм.

1. Теңсіздікті қарапайым теңсіздікке келтіру.

2. Кординаталық жазықтыққа теңсіздікке тригонометриялық функциялық графигін және у=а түзуін жүргізу .

3. Қиылысу нүктелерін табу.

4. Теңсіздікті қанағаттандыратын қисықтың бөлігін және бас аралықты анықтау.

5. Кері тригонометриялық функцияның мәнін ескеріп абциссаның мәнін табу.

6. Тригонометриялық функциялалардың периодтылық қасиетін пайдаланып теңсіздігінің жалпы шешімін жазу.

Оқушылар алгоритммен танысып, топпен алгоритмді қолданып мысалдар орындайды.


Топ басшылары топтың шығарған мысалдарын сыныптастарына түсіндіріп, шығару жолымен таныстырады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

7мин

 Деңгейлік тапсырма

І деңгей.  №108 (а, б), №109 (ә, в).

ІІ деңгей  №110 (ә, в)

ІІІ деңгей №115 (а)

 

Деңгейлік тапсырманы орындай отырып ұпайлар жинайды.

5мин

 Өзіндік жұмыс.


Оқушылар өзіндік жұмысты орындап, бірін-бірі тексереді.

2мин

Қорытындылау, бағалау.

Сұрақ-жауап ретінде алгоритмді еске түсіреді, үй тапсырмасы беріледі.

Бағалау бетшелеріндегі ұпай сандары бойынша критерийді қолданып бағалайды.

1мин

 Рефлексия  "Интервью„.

1) Сізге сабақ  ұнады ма?

2) Сіз не үйрендіңіз?

 

Сұрақтарға жауап береді.

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.