Беримова Жаркинай Елубаевна, математика пән мұғалімі
№67 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Пән: алгебра Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысының формуласы | Күні,уақыты: 26.02.2014 Сабақ ұзақтығы: 45 мин | Сынып: 9 Оқушылар саны: 16 | ||
Сабақтың типі: интербелсенді Сабақтың әдіс-тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқытудағы жаңа тәсілдер , диалог, оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, көшбасшы. | ||||
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. | ||||
Дарынды және талантты оқушылар: анықтау | ||||
Негізгі түсініктер: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің қосындысынын есептей алу . | Бағалау:
Сапалы білімді бағалау (оқушылар комментариясымен) | |||
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласын және n- ші мүшесінің қосындысының формуласы арқылы есептер шығаруды үйрету Дамытушылық:Математикалық тілде сөйлей білуге, математиканың өмірмен байланысын үйренуге, ізденушілік, логикалық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, шығармашылық ойлау әрекеттерін, танымдылығын дамыту, өз бетімен есептер шығара білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, физика | ||||
Сыныпты ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. | Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары), кестелі плакаттар, үлестірмелі материалдар, фотоаппарат,интерактивті тақта,тірек-схемалар. | |||
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.