так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Математике / Математика "Кесінді тақырыбына есептер шығару" 5 сынып

Математика "Кесінді тақырыбына есептер шығару" 5 сынып


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың   4 сыныпта өткен материалдарды қайталап еске түсіру, кесінді,оларды салып білу,  оқып білуге үйрету, ұзындықтары бойынша  салыстыра білуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын дамыту.Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер  шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , тірек схемалары , презентациялар,интерактивті тақта

                               Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.Презентациялар.

4.Жаттығу жұмыстары. А , В  деңгейінің тапсырмалары.

5.Практикалық жұмыс .

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

                              Сабақтың барысы:

1.Сабақтың барысымен таныстыру.Қысқаша  шолу.

    Оқушыларға  кесінді,оның анықтамасы,белгіленуі,жазылуы,оқылуы  туралы  түсініктер  беріледі.

 Мысалы . түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі кесінді деп аталады.кесінді үлкен латын әріптерімен белгіленеді. А.——————————  В    АВ  кесіндісі деп оқылады.

     Қайталау үшін сұрақтар:

1.Натурал сандар деп қандай сандарды айтамыз? 

2.Кесінді дегеніміз не?

Сыныпты үш топқа бөліп,тапсырмалар беріледі.

1 топқа:  ұзындығы  6см кесінді сал,  ВС деп белгіле

2 топқа:  ұзындығы  10 см кесінді сал, СД деп белгіле

топқа:  ұзындығы  8 см кесінді сал, МК белгіле

ол кесінділердің қақ ортасын белгіле,әр бөлік неше сантиметрден болғанын жаз.

Қайталауға арналған есептерден шығару.С деңгейінің тапсырмалары

16 есеп.    Амалдарды орындаңдар:

4)        (( 5907-4935):36+1973):25-79=

        1.   5907-4935=972

        2. 972:36=27

        3. 27+1973=2000

        4. 2000:25=80

          5. 80-79=1                                        Жауабы   1

есеп.Теңдеуді шешіңдер:

6)      735:(6х+17)=21

6х+17=735:21

      6х+17=35

     6х=35-17

     6х=18

       х=3

тексеру:   735:(6×3+17)=21

                      735:35  =  21

                            21  =   21

19 есеп. 13 телеграф бағаны түзу бойымен бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан.Ең шеткі екі бағанның арақашықтығы 720 м.5-телеграф бағаны 10-телеграф бағанынан  қанша қашықтықта жатыр? 

А¹———¹———¹———¹———¹———¹———¹——— ¹———¹———¹———¹———¹———¹ В

                                                         Д                                                                 Е

720:12=60;              10-5=5;                  60×5=300

                                                      Жауабы: 300 м

Ауызша есептерден орындау

     6.Үйге тапсырма .№

 

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.