так то ЕНТ / Разработки уроков / Поурочные планы по алгебре и математике / Поурочные планы по алгебра 7 класс на казахском языке / Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару. Есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару. Есептер шығару


Реті:21

Пән:  алгебра

Сынып: 7 ә                     7в

Күні: __7.10______       7.10___

Сабақтың мақсаттары:

 

Білімділік Бірмүшелерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін тереңдету

 2. Дамытушылық:  Бірмүшелерге амалдар қолдану жағдайларында әртүрлі амалдарды қолдана білуі.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақ барысы:   І Мотивациялық кезең:

                                1)  Сәлемдесу

                                2)  Оқушылар тізімін тексеру

                                3)  Сабақтың мақсатымен таныстыру

                                4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.

                                5) Үйге тапсырма беру

                                6) Қорытындылау, бағалау 

Қайталауға арналған сұрақтар.

Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту

                      амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Анықтама3:  Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің

                       қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффициенттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалады, сөйтіп шыққан нәтижелер өзара көбейтіледі.

Бірмүшені дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтсе жеткілікті.

ІІІ Бекіту кезеңі:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №178, 179, 180

 

Үй жұмысы:   §2, № 181

Қайталауға арналған жаттығулар:  Дәреженің қасиеттері.

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.