«Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету, кернеуді өлшеуді үйрену.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
- Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
Электр тогы дегеніміз не?
Электр тоггы болу үшін қажетті шарттар.
Электр тогын сипаттайтын негізгі физикалық шамалар.
Электр тізбегі дегеніміз не?
Кестені толтыру.
Құралдың аты | Амперметр | Вольметр. |
Сызбада шартты түрде белгіленуі. |
|
|
Қызметі |
|
|
Өлшеу шегі |
|
|
Бөлігінің құны |
|
|
Өлшеу қателігі |
|
|
- Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
- Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
- Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: §36. 37
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.