Қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең жақын адамдар.
Мақсаты:
Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кенейте келе, адамды сипаттап бере алу. Өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Тәуелдік жалғауды орынды қолдана алу.
Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіну. Бауырмалдық қатынасты үлгі тұту.
Түрі: Бекіту сабағы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, «миға шабуыл» стратегиясы, топпен жұмыс,жекелей жұмыс, қисынды ойлау стратегиясы, постер құрастыру,
Көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, суреттер, электрондық оқулық, ән жинағы, флипчарт, бейнебаян .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Күн шуағын алақанға саламын,
Жүрегіме басып, ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.
- Балалар, күн шуағы болған жолақшаларға, бір-біріңізге тілектеріңізді жазыңдар. (шуақтарды күн бейнесінің айналасына апарып жапсырады)
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
«Миға шабуыл».
А)Берілген мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын ашу .
«Аға - ініге ұстаз,
Әпке - сіңліге ұстаз.».
«Әке — асқар тау»
«Ағайын — алтау,
Ана — біреу»
«Ата - әжелер сөзі — ақылдың көзі»
- Осы мақал- мәтелдердің тақырыбын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Дұрыс, туған – туыс, ағайын, ең жақын адамдар.
- Бүгінгі сабақта, бізге ең жақын адамдар туралы әңгімелеп, сөйлемдер құрастырамыз. Тақырып бойынша сөздерді есімізге түсіріп сауатты жазып қолдануға үйренеміз.
Б) Топ лидерлеріне бағалау парағын таратып, түсіндіру.
Оқушы. | Үй тапсырмасы: эссе. | Сөздермен жұмыс | Постер құрастырып, қорғау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Менің ата-анам» тақырыбына шағын эссе жазу.
ІV.
«Ата – ана» бейнебаянын тамашалау.
…Сондықтан бір күні олар қартайғанда, сендер не істеу керексіңдер?
V. Тапсырма.
- Ата-анамыз, әке – шешемізден басқа бізге тағы кімдер ең жақын болып табылады?
- Алдарыңдағы сөздерге назар аударыңдар.
Топтардың алдарындағы сөздер: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.
- Осы сөздерге байланысты , қандай деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді табу.(әр оқушы 2 сөзден бөліп алады)
Мысалы:
Бойы: бойшаң, ұзынтұра, тапал, сұңғақ бойлы.
Мұрны: пұшық, пісте, қошқар тұмсық.
Бет – келбеті: терең әжімі бар, т.с.с.
VI. Флипчартпен жұмыс.
Әр топ бір сөзден таңдап алады ( аға, әпке, әке, әже, ана, іні,сіңлі, қарындас, )
Берілген критерийлер бойынша адамды суреттеу. (бір оқушы постерлерін шығып қорғайды) (критерий бойынша постерлерін бағалау.)
Критерий: бойы, шашы, көзі, мұрны, денесі, мінезі, тәлім-тәрбиесі.
VIІ . 6- тапсырма.
Өлеңді оқып, тәуелденіп барып септеліп тұрған сөзден сөйлемдер құрастыру.
Ең жақын адамдар –
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі –
Ақ басты Атам бар.
Әкемнің шешесі –
Ақ шашты Әжем бар.
Ұлдардың үлкені –
Бір туған ағам бар,
Қыздардың үлкені –
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі -
Бір туған інім бар,
Қыздардың кішісі-
Бір туған қарындас
Әпкеге – сіңілі бар.
(А.Сағатова)
Мысалы: Әкемнің әкесі маған ата болады.
Әкемнің қызы менің әпкем.
VIІІ. Қорытынды:
Санамақ айту
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым – атам,
Балан үйрек – апам,
Ортан терек - әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкентай бөбек – мен.
Біз үйде нешеуміз
Біз үйде бесеуміз
- Балалар, бүгінгі сабақта ең жақын адамдар жайында көп әңгімеледік. Ал енді біздің мектепте сендерге ең жақын адам кім деп есептейсіңдер?
- Әрине, сынып жетекшілерін.
Үйге тапсырма: Өз сынып жетекшілерін жайында шағын эссе жазып келу.
Бағалау. Үй тапсырмасы, топтағы жұмыстары бойынша формативті бағалануы арқылы, суммативті бағалау.
Рефлексия:
Не білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді? |
|
|
|
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.