так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі / 6 сыныптың қазақ тілі бойынша сабақтың жоспары / Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу

Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тақырып бойынша  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Тазалыққа,  ұқыптылыққа  баулу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

 

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

 

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

Кеспе қағаздарын тарату

 

 

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1.  Кіріспе сөз

2.Сөздікпен танысу

3. Диалогті досыңмне оқу

4.Жазылымы

Қыс – жылдың  .... .... ....                                                1.ұнайды

Мен қыс мезгілін өте жақсы  ......                                2. Туған күнім болады

Қыста  әсем қаламыз  Астанада  .... ...                       3. Шанамен, конькимен сырғанаймыз

Қарағай мен қайың  ақ кимешек  .....                            4. Ең тамаша мезгілі

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Қимыл, іс- әрекеттің  жай-күйін, мекенін,  мезгілін, мөлшерін , мақсатын, білдіретін сөз табын үстеу деп атаймыз.

Мысалы: Ертең  ауылға барамын.

Үстеудің  лексика-грамматикалық  белгілері:

-          Үстеу қимылдың түрлі белгілерін анықтайды.

-          Үстеу  сөздер түрленбейді

-          Сөйлемде пысықтауыш  болады.

Үстеудің жасалу жолдары:

-          Ша, ше: бала-ша, ауыз-ша

-          -Лай, -лей,- дай,-дей, тай, -тей: жастай, қыстай, жібектей

-          -дайын, -дейін: түлкідейін

-           - лап, леп, -дап, -деп, -тап, - теп: жаяулап, темірлеп

 

 

 

V. Сабақты қорыту:  А)Төмендегі сөйлемдерден үстеуді тауып, астын сызып шығыңдар:

Ол түнде кеш келді.

Кеше қар жауды.

Бағана бізге қоңырау шалды.

 Жаздыгүні әжеммен Астанаға барамын.

Күзде  Асқар 2-сыныпқа барады.

Қазір қазақ тілі сабағы

 

Ә) Мына үстеулерді  тұлғасына қарай жіктеңдер:  әрең, басқаша, дәл, қытайша, ерекше, күздей,  соншама, кенгет, кенеттен, төмен, аса,  мұнда, зорға.

 

VI. Үй тапсырмасын беру:   106-бет    2- тапсырма мазмұндау. жазу

 

 

VII. Бағалау. Рефлексия

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 1
Айжан Сагымжан 14.04.2015 21:02
Сабақтың лексикалық тақырыбы мүлдем ашылмаған. Жоғарыдағы "Мен оқушымын. Мекен үстеуі" және "Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу" тақырыбындағы сабақтың мақсаты мен жаңа сабақты түсіндіру кезеңіндегі тапсырмалар бірдей, сабақтың лексикалық тақырыбына сәйкес емес, тапсырмалар жыл мезгілдері тақырыбына қатысты.Соңғы аталған сабақтың нәтиже сабақ екені де естен шығарылып кеткен.
Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.