так то ЕНТ / Разработки уроков / Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары / Әдебиеттік оқу 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян. И.А.Крылов, аударған А.Байтұрсынұлы

Әдебиеттік оқу 4 сынып. Сабақтың тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян. И.А.Крылов, аударған А.Байтұрсынұлы


Сабақтың мақсаттары:

  1. Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау;
  2. Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру, тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану, талдау, тапсырмаларды өмірдегі жағдайларға сай қолдана білуге дағдыландыру;
  3. Бірлік, келісім, ынтымақ туралы түсініктерінің маңызын ашуға мүмкіндік беру

Сабақта қолданатын стратегиялар: Рафт, сто, «семантикалық карта»

Сабақтың типі: жана материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдістері: суреттеу, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақ жоспары:

Кезеңдері

Уақыты

І

Ұйымдастыру

3 мин

ІІ

Жаңа материалды меңгеру және зерттеу, жүйелеу

33мин

ІІІ

Қорытынды

5 мин

ІY

Бағалау

2 мин

YІ

Үйге тапсырма

2мин

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Тақтаға немесе плакатқа маркермен жазылған, толықтыруды қажет ететін мақал – мәтелдер ілінеді.

Бірігіп көтерген ..........

Бірлік.....тірлік.........

Бөлінгенді ..............жейді

Ырыс алды - ...........

Мақал – мәтелдер бойынша топтарға бөлініп отыру

Әр топ өз мақалдарын толықтырып жазып, оқуға дайындалу

Сол мақал-мәтілдер бойынша ойларын жазу

Кіші топта талқылап, әр топтан ұнағанын сынып алдында дауыстап оқуға шығару

Осы мақал-мәтелдерді мағынасы қарап бір сөзбен қалай айтар едіңдер?

ІІ. Мағынаны тану

Тақырып тақтаға жазылып, тапсырма беріледі. Автормен, аудармашымен таныстыру, қысқаша тоқталып өту

1-топқа: Мысалды іштей оқу

Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу

2-топқа: Мазмұнын түсініп оқу

Түсініксіз сөздерді табу

3-топқа: Мазмұнын түсініп оқу

Өлең мазмұны бойынша қорытынды ой болатын шумақты іздеп табу

4-топқа: Мазмұнын түсініп оқу

Сабақ басында жазылған мақалдар мен мысалдың байланысын түсіндіріп айту

Әр топқа мұғалім сұрақтар дайындайды

Аққу, шортан, шаян жүкті неліктен үш жаққа тартады?

Жүктің баратын жеріне жетпеуіне қайсысы кінәлі?

Сабақ басында жазылған мақал-мәтелдерге қайталап мән беру арқылы мысал идеясын ашуға талпындыру

Мысалдың тілі мен мазмұны оқуға қиындық келтіруі мүмкін бе?

ІІ. Ойтолғау

1-топ: Жоспар құру

2-топ: Мысалды суретпен бейнелеу

3-топ: Өмірмен байланыстыру арқылы эссе жазу

4-топ: Мысал туралы білетіндерін топтау арқылы түсіндіру

Оқушылардың ойлары тақтаға немесе плакатқа жазылады

Шығармашылық жұмыс:

Ертегіні сахналап көру

Сабақтың мазмұны бойынша эссе жазу

Сұрақ – жауап арқылы ертегінің идеясына тоқталып, сабақты қорытындылау

Сабақты бекіту:

Біз бүгін қандай мысалмен таныстық?

Неліктен олардың шаруалары жүзеге аспады?

Қалай деп ойлайсыңдар, олардың істегендері дұрыс па?

Сабақты бағалау

Бүгінгі сабақта Амир бес алды, себебі ол барлық тапсырмаларды жақсы орындап, үй жұмысын  да орындап келіп, мұғалім қойған барлық сұрақтарға жақсы жауап берді

Үйге тапсырма беру

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.