так то ЕНТ / Разработки уроков / Уроки по Геометрии / Алгебра 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәндері.

Алгебра 8 сынып. Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірдің анықтамасы. Квадрат түбірдің жуық мәндері.



Жалпы мақсаттар

Білімділік: Оқушыларды санның квадрат түбірін таба білуге үйрету, жуық 

                     мән ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген

                           қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

      1. Оқушылар бірін-бірі үйрету арқылы материалды меңгереді;

      2. Оқушылар өз бетімен оқуға, ойларын еркін айтып, тұжырым жасауға дағдыланады;

      3. Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, практикада қолдана біледі.

Негізгі идеялар

      1. Оқушының өмірдегі білетініне, біліміне сүйену;

      2. Алған ақпарат арқылы оқушының ойлау, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау.

Барысы

Ұйымдастыру.

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Оқушылармен амандасамын. Сынып оқушыларын түгендеймін.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Сыныпта жоқ оқушыларды айтып, мұғалімге белгілетеді.

Рефлекция

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Оқушыларға әсем әуеннің аясында жасақталған ырғақты биі бар видео көрсетемін.

Экраннан көріп тұрғандарын қайталап, музыка ырғағымен билейді.

   Жаңа материалды түсіндіру.

А-ма: Теріс емес а санының квадрат түбірі деп, квадраты а-ға тең в

санын айтады.

Мысалы: 49 санының түбірі 7 және -7. Өйткені 72=49   (-7)2=49

Түбірдің оң мәні арифметикалық квадрат түбір деп аталады.

А-ма: Квадраты а-ға тең кез келген теріс емес в саны теріс емес а санының арифметикалық квадрат түбірі деп аталады.

       

 Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

Сыныпта: №22, №23, №24

Қорытынды

1.    Квадрат түбір деген не?

2.    Арифметикалық квадрат түбір деген не?

3.    екеуінің қандай айырмашылығы бар?

 

Кері байланыс

ББҮ кестесі

Үйге тапсырма беру

№21, №20

Бағалау

Жұптық жұмыс нәтижелерін тақтада белгілеп, ал жеке жұмыс нәтижелерін бағалау

Вербалді: «Сіз ойыңызды керемет жеткіздіңіз»

                    «Сенің қолыңнан келеді»

                    «Өте жақсы»

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.