Күні:22.04.2014
Тақырыбы: «Киіз үйге әжеге қонаққа барамыз»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақтың үйі – киіз үй ішімен таныстыруды және үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру.
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы танымдық,ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту,тілдің белсенділік қызметін арттыру.
Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу,үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: қағаздан жасалған ат арба,киіз үй, үй жануарлары суреттері. Үнтаспа,ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: лақ,қозы,бота,бұзау,құлын.
Билингвалды компонент:Үй жануарлары-домашние животные.киіз үй-юрта.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы
|
(Топта кереге ,киіз үй ішіндегі жабдықтармен безендірілген бұрыш дайындалады) - Балалар, қараңдаршы,бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық. (шаттық шеңберге жиналады) Шаттық шеңбері Менің әжем жыр әжем, |
-Балалар, топқа кіреді
Сәлеметсіңдер ме?
Балалар қол ұстасып Өлең жолдарын айтады. |
Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау
| -Балалар бүгін ауа –райы керемет.Сендердің де көңіл-күйлерің көтеріңкі.Олай болса, ата мен әжеміздің үйіне қонаққа апарайық.Қонаққа барғыларың келе ме? -Жақсы, әжеміз сағынып күтіп отырған болар?Ауыл алыс,біз жаяу жете алмаймыз.Атамыз өзінің ат арбасын беріп жіберген екен.Соған мініп, жақсы көретін әнімізді айтып ауылға барайық.(қағаздан жасалған арбаға отырады) Ән: «Қошақан» (Балаларды әже қарсы алады.) -Айналайындар, келдіңдер ме, құлыным,ботақандарым,кішкентай аппақ қозыларым! -Ауылғада келіп жеттік арбадан ақырындап түсеміз.(Әженің үйіне кіреді) Бұйымтайларыңды айтыңдар Тәрбиеші: Әже біздің балалар сіздің қолөнеріңізді көруге келді. Тәрбиеші:Әженің үйінде тағы не көріп тұрмыз? -Мына киімдерді қандай кезде киеміз?-Қандай мерекеде? -Өте жақсы балалар. Әже сізге көп рахмет. Балалар сендерге ұнады ма? Киіз үйді орысша юрта дейміз. (Осы кезде сиырдың мөңіреген дыбысы естіледі). -Балалар,қорадан ненің дауысы естіледі?(үнтаспадан) -Бұл сиырдың дыбысы.Дұрыс айтасыңдар,балалар.Онда әжемен бірге ойын ойнап көрейік.Тағыда ары қарай тыңдайық.қандай дауыстар естіледі екен. Дидактикалық ойын. «Дауысынан таны» Бұлар үй жануарлары, себебі оларды адамдар бағады, күтеді. Олардың сүті, еті – тамақ, жүні, терісі – киім. Әже;Айналайындар,біз сиыр,қой,жылқы,ешкі асыраймыз.Үй жануарларының адамға пайдасы көп. -Әжелерің сиыр сауады,сиырдың сүтінен май,қаймақ,құрт,ірімшік жасап,айран ұйытады. Санап,сипаттап берейікші.Ол үшін алдымен сергіту сәтін орындап алайық. Сергіту сәті: «Шөре,шөре,лағым» -Балалар,әженің қорасында неше жылқы,сиыр,түйе бар.Үй жануарларын күтіп,жем,шөп,су беру керекпіз. -Ой,балаларым,санауды жақсы үйреніпсіңдер.Міне ауылға келіп үй жануарларымен таныстыңдар,осылай жиі келіп тұрыңдар. Дидактикалық ойын: «Төлдерін тап» төлдердің суреттерін көрсетіп,төлдерін тапқызу.
Енді сендермен тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық,менімен бірге қайталаңдар: Дидактикалық ойын: «Қызықты жануарлар» Балалар,бәріміз үй жануарлары туралы білетін тақпақтарын айтады. Құлын-құлын құлыншақ,
Шөре-шөре,лағым Тентек болма шырағым Секектемей деміңді,ал Селтеңдемей құлағың. -Әже ,енді біздер бөбекжайға қайтайық.Рахмет,сау болыңыз! Әже: Рахмет. Өздерің өнерлі балалар екенсіңдер.Сау болыңдар қарақтарым. |
Ия
«Қошақан» әнін айтады.
Әженің қол өнеріне қызыға қарайды.
Балалар не көріп тұр соны айтады. мерекелерде наурыз
ұнады.
Балалар қайталап айтады.ю-ю-ю-юрта
Сиырдың
Балалар сиырдың дыбысы екенін айтады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Үй жануарлары- домашние животные
Қимылдар жасайды.
Орындарына отырады.
2-сиыр,1-түйе,3-жылқы. 1-қой,1-ешкі.Сиырдың түсі қара ала.түйе қоңыр.т.б. Балалар төлдерін табады. Қ-қ-қ-қозы Ж-ж-ж-жылқы Б-б-б-бота Л-л-л-лақ
|
Қорытындылау және рефлекция | -Әже қандай үйде тұрады екен? -Әженің үйінен не көрдік? Үй жануарлары қандай дауыс шығарады? балаларды мадақтау,сыйлықтар беру | -Балалар ауылдан көргендерін үй жануарлары туралы әңгімелеседі.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының төлдерінің аттарын;
Игереді:үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.
Меңгереді: Өз ойларын жүйелі айтуды.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.