так то ЕНТ / Разработки уроков / Воспитательная работа / Дошкольное образование / Технологическая карта организованной учебной деятельности для старшей группы / Білім беру саласы: «Шығармашылық».Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Жапсыру.Тақырыбы: Қонжыққа арналған пирамида

Білім беру саласы: «Шығармашылық».Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Жапсыру.Тақырыбы: Қонжыққа арналған пирамида


Мақсаты: Ойыншықтар туралы білімдерін жетілдіру; Пирамида ойыншығына дәл ұқсатып, түрлі-түсті, көлемі бойынша үлкеннен кішіге қарай орналастыртып желімдеуді үйрету. Қайшымен, желіммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Қол ұшын беруге ұмтылдырып, қонақжайлылыққа, достастыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: пирамида мен қонжық ойыншығы, желім, түрлі-түсті тік төртбұрыштар шаблоны, қайшы.

Билингвальді компонент: Қонжық- медвежонок, қонақ-гость, ойыншық-игрушка. Қызыл-красный-red, көк-синий-blue, сары-желтый-yellow, жасыл-зеленный-green

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

                      Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

лық

Ойын сабаққа кіріспе өлең жолдарын оқу.

Бәрін білгім келеді

Тәрбиеші білім береді

Дайындалам қазір мен

Салемдесем Бәріңмен.-Сәлеметсіздерме?

Екі қолым тіземде,

Тіп-тік отыр Денемде

Достым артық сойлеспе

Сөйлеспеймін менде.

Қонаққа сынып қалған «пирамида» ойыншығын алып келген қонжық келеді.  Дәл қолындағы ойыншығын(игрушка) жасап беруді өтініп, көмек сұрап келеді.

 

 

Ойын сабаққа таныс кіріспе өлең жолдарын оқиды

Қонақпен амандасады.

Қонжыққа-(медвежонок) көмектесуге келіседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, қонжықтың қолындағы не?

-Қалай аталады?

 

-Бұл ойыншық неше бөліктен құралыпты?

-Олардың көлемдері қандай екен?

 

-Пирамиданың бөлшектерінің түстері қандай?

-Өте жақсы балалар, пирамиданың бөлшектерін жақсылап есімізге сақтап алайық.

Сергіту сәті:

Қолыңдағы қайшыны

Қайшылама албаты,

Ұстау керек жағымен

Досыма беремін мен.  

 

-Алдымыздағы құралдарды қарап шығайықшы. Олармен жұмыс істеу ережелерін есімізге түсіріп алайық.

Жұмыс кезеңдерін түсіндіру.

Жұмыстың орындалу тәртібін тақтада жасап көрсету.

- алдымыздағы тіктөртбұрыштарды қағазымызға бастырып алып, қиямыз.

-дайын бөлшектерді дәл пирамида ойыншығына ұқсатып желімдейміз.

Балалардың жұмыс істеу әрекеттерін бағылау. Үлгерімі нашар балаларға көмектесу. Таза, ұқыпты, тиянақты жұмыстарды үлгі етіп көрсету. 

-Жұмысымызды аяқтаған соң, жұмыс орнымызды жинақтаймыз.

 

-ойыншық  

-пирамида

-ойыншық 4 тіктөртбұрышты бөліктерден құралыпты.

-Қызыл-красный, сары-желтый, жасыл-зеленный, көк-синий түстері бар.  

-Қайшының ұстайтын жағынан ғана ұстау қажет. Желімді түбінен бұрау арқылы шығарып, жұмыс соңында ішіне кіргізу керек.  

 

Мұқият тыңдап, естеріне сақтайды.

Жұмысты рет-ретімен орындайды.

Желімнің қақпағын жауып, қағаз қалдықтарын жинақтайды. Қайшыны үстелдің оң жақ бұрышына жинап қояды.

Рефлексия-лық

түзетушілік

 

-Балалар, жұмыстарың тамаша, қонағымыз сондай қуанышты. Сендердің жасап берген ойыншықтарыңды өзінің достарына да алып кетпекші.

 

Қонжық барлық жұмысты жинап алып, рахметін айтып, қоштасады.

-Балалар, ойыншық жасау біздің де қолымыздан келеді екен. Жарайсыңдар!

Үйден осы ойыншықты жасап көрулеріңе болады. 

 

Тақтаға жұмыстарын орналастырады.

Ойынщықты қонжыққа сыйлайды. Қонақпен қоштасады.

Үйде пирамида ойыншығын жасап көруге сөз береді.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: Түрлі-түсті қағаздардан, көлемі бойынша үлкеннен кішіге қарай орналастырып пирамида ойыншығын жасауды.

Игереді: Тиянақты желімдеуді, қайшымен жұмыс істеуді

Меңгереді: Қол ұшын беруді, қонақжайлылықты, достастықты.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.