так то ЕНТ / Разработки уроков / Физика бойынша сабақ жоспарлары / Физика 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері.

Физика 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері.


Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғылыми негізде қуат шамасың түсіну.

Қуаттың белгіленуі,формуласы,өлшеу бірлігін білу және қуатты есептей білу дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру.

Үй жұмысы:Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін                                                                           күштің жұмысы ( Мақсаты: қандай жағдайда жұмыс істелетінін,нақты қандай формуламен есептеледі және өлшем бірлігі) "Ыстық орындық" арқылы жұмысқа тарту.

Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс.Ой қозғау: мағынаны ашуда. Тестік жұмыс. Жұптық жұмыс: тест жұмысын тексеруде. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Топқа бөлу: Оқушыларды сандар арқылы топқа бөлу

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс. Ой қозғау: мағынаны ашуда. Тестік жұмыс.

Жұптық жұмыс: тест жұмысын тексеруде .Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма: Жеке және топтық жұмыс. Слайд көрсету «Жұмыс істеуге кеткен уақытты салыстыру ». Оқушылар өз ойларын ортаға салу.

( Мақсаты: оқушылар  техника мен жұмысшылардың істеген жұмысына кеткен уақытты салыстыра білу. Мысалы: нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран тезірек орындайды.)

N = A / t

Қуат = жұмыс/ уақыт


2-тапсырма:
Жеке және топтық жұмыс. Ой қозғау. ( Мақсаты: жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама қуатты аңықтау)

 3-тапсырма: Жеке жұмыс. ( Мақсаты: кейбір қозғалтқыштардың қутымен танысу,қуаттың өлшем бірлігін аңықтау). Слайд көрсету.

1. Үлкен бірліктер: киловатт( кВт), мегаватт ( МВт).

2. Кіші  бірліктері: милливатт (мВт), микроватт (мкВт)

3. Бірліктерді көшіру: 1кВт = 1000Вт = 10 3 Вт, 1мВт = 0,001 Вт = 10 – 3 Вт,

1мкВт = 0,000001Вт = 10 -6 Вт.

4-тапсырма: Топтық тапсырма. ( Мақсаты: қуат формуласын пайдаланып есеп шығарту) . (Үлгерімі төмен оқушыларға үлгерімі жоғары оқушылар есеп шығаруға көмек көрсетеді).

1- деңгейлік есеп: Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді? ( A = N*t )

2- деңгейлік есеп: Қуаты 5кВт двигатель 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді?

 3- деңгейлік есеп: Егер плотинада су 25 м биіктіктен құлап алатын болса, су ағынының қуаты қандай? Судың әр минуттағы шығыны 120 м3.

( пайдаланатың формулалар: N= A/t.  A= F*h.  F= m*g.    m= V*s.)

5-тапсырма: Сыныпқа бағытталған тапсырма.Тестік жұмыс.  (Мақсаты: жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру). Оқушылар бір –бірін тексереді.

Бағалау: Топтық бағалау: бағалау критерийлері көрсетілген бағалау парағы арқылы бағалау. Әр оқушының есеп шығаруына баға қою.

Үйге тапсырма: Тақырып соңындығы өзін -өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. Есеп шығару: № 4, 172 бет.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.