Сабақ мақсаты: Білімділігі: Қазақстанның өзен және көл жайында бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өзен мен көлдерді тиімді пайдалану және сақтау жөнінде пікір, сенім қалыптастыру. Өзен және көл туралы өмірден білетіндерін толықтыру.
Дамытушылығы: ой-өрісін, білім дәрежесін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: табиғатта су өте көп болғанымен тұщы судың аздығын ұға отырып, суды қорғауға әр адамның міндетті екенін түсіндіріп, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба «өзен, көл»
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрнекілік, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Түрі : Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жер асты сулары
1. Судың қасиеті: а) жақсы еріткіштігі , ә) аққыш , б) түйіршіктігі .
2. Жер астынан шығатын суларды қалай атайды? а) тұщы ә) қышқыл б) минералды
3. Ішуге жарамды сулардың бір литрінде қанша грамм еріген тұздар болады?
а) 40-
ә) 2-20 грамм б)
4. Жер астынан шығатын минералды судың температурасы:
а) 25-36˚ С
ә) 59 ˚ С
б) 49-52 ˚ С
Сұрақтарға жауап: Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Бұлақ туралы қандай аңыз білесіңдер? Минералды су дегеніміз не?
III . Жаңа сабақ.
Кең дала , көремісің сонау жатқан ,
Жібектей жасыл шөптен бетін жапқан
Асқар тау , айдын шалқар көл мен өзен ,
Әне , сол анам еді мені тапқан , -
деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай , Қазақстан – кең байтақ өлке , ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі . Жер көлемі жағынан төртінші орында . Солтүстіктен оңтүстікке , батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғатыда алуан түрлі . Қазақстан орман – тоғайлы , шалғынды ,таулы , жазықты , өзен – көлді жерлерге бай .
IV. Трек сызбаларымен жұмыс
V . Оқулықпен жұмыс :
1 . Мәтінді тізбектей оқыту
2 . Картамен жұмыс
Ертіс , Жайық , Сырдария , Іле өзендері мен Каспий , Арал , Балқаш көлдерін картадан көрсету .
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.