Сабақтың мақсаты: Бағалы астық дақылы күріштің өсіп-өнуі, пісуі туралы, күрішшілер еңбегі, облыс орталығы Қызылорда қаласы туралы әңгімелеу. Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту. Экологиялық тәрбие беру.
Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, СТО.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту.
Картамен жұмыс.
Картадан Қызылорда облысын тауып алу.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ күрішті аймақ» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтіннің бірінші бөлігін оқу.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Күріш неге дәл осы Қызылорда облысында өсіріледі?
Мәтіннің екінші бөлігін оқу.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Күріш дақылдарын суретте. Оның өсіп-жетілуі туралы жоспар құр.
Сабақтары:
Жапырақтары:
Гүлдеуі:
Пісуі:
Сұрақтарға жауап беру:
Күріш қалай өсіріледі:
- Күріш өсіру үшін қандай қолайлы алғышарттар қажет?
- Күріштен не жасалады?
- Қызылорда облысының халқы тағы немен айналысады?
Сызба құрастыру.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
күріш қаракөл қойы Сырдария
тамақ тері балық
«Асхана» ойынын ойнау.
Шарты: Оқушылар күріштен қандай тағам пісіруге болады екенін тауып, тамақты дайындау жолдарын түсіндіреді.
ІІІ. Ой толғау.
- Бүгінгі сабағымыздан қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Күріш туралы не білдіңдер?
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау.
Ү. Үй тапсырмасы. «Ақ күрішті аймақ» мәтінін оқу.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.