Әліппе 1 сынып. Сабақтың тақырыбы: Отбасы (сөз)

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі.Оқушыларға отбасы жайында,бір - бірімен    қарым – қатынасы, көмегі, үлгі-өнегесі    туралы мағлұмат беру,сөз   туралы   түсінік қалыптастыру.

ә\Тәрбиелілігі:Өз ойын айта білуге,өз кінасын мойындап,қатесін түзете білуге , жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың тілдік қорын молайту.Ұсақ моторикаларын дамыту.

Пән аралық байланыс:дүниетану.

Әдісі:түсіндіру,баяндау,сұрақ-жауап.

Түрі:аралас сабақ.

Көрнекілігі:отбасы  мүшелерінің  суреті.

                                   

                                           Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң болсын.

Бүгінгі күнің  сәтті

Сәттілікке толсын

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ қою арқылы мазмұнын сұрау.                                                                                            

Сергіту сәті .Фонетикалық жаттығу «Түтікше»

- Түтікше қалай дыбыстайды? (Ду-ду-ду)

ІІІ. Жаңа сабақ дайындық.

 IV. Жаңа сабақ.

1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 Оқушылардың–өз отбасы туралы сұрау.

2.Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

- Сұрақ қою арқылы мазмұнын талдау.

   Отбасы

Анаң-үнің, жүрегің,

Әкең-өмір тірегің.

Сен –бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әке,ана, әже,ата,әпке т.б сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасау.-

3.Сергіту сәті .Саусақ гимнастикасы «Достар»

4.Оқулықпен жұмыс.

«Мынау кім?» Дидактикалық ойын арқылы толықтыру.

Сурет бойынша сөз, сөйлем құрату.

Менің әжем ою ойды. ___ ___ ___ ___. Атам кітап оқыды._____ ____ ____.

5.Дәптермен жұмыс

Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.

 

6. Сергіту сәті.

Ата үлкен,кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

V.Сабақты бекіту.

-Отбасы деп кімдерді айтамыз?

-Өз отбасыңды ата

VI.Мадақтау.

Пәні: әліппе

Сабақтың  тақырыбы: Астана   .

Сабақтың мақсаты:а\  Еліміздің астанасымен таныстыру.Оқушылардың рухани  дүниесін дамыту.

                                       ә\  Тәрбиелілігі:өз елін,жерін сүюге,құрыметпен қарауға,табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

                                      б\ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландырып жетілдіру.Қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істей алу іскерлігін дамыту;   

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.

Түрі:аралас

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.

Сергіту сәті. «Эхо» дауыс ырғағын дамытуға арналған жаттығу

- Мен ақырын айтамын: а-а-а

- Ал сендер бірге қатты айтасыңдар: а-а-а

ІІІ.Жаңа сабақ.

  -Балалар  біздің Отанымыз қалай аталады?

  -Ал тұратын қаламызды қалай атаймыз?

-Отанымыздың астанасы   қай қала ?

1.Кіріспе әңгіме.Қазақстан Республикасы,табиғаты,жерінің байлығы туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.

2.Суретпен жұмыс.

 Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.

-Отан деген не?

«-Отан отбасынан басталады» мағынасын түсіндіру.

Отан-жерім,Отан –суым,

Отан-қуат, нәр береді.

Отан- ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді

3.Сергіту сәті. (есте сақтауын  дамыту)

Орнымыздан  тұрайық

Алақанды  согайық 

Бір отырып, бір  тұрып

Біз  тыныгып  алайық

4.Астана. Үкімет үйі. Президент.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем  құрату.

Астана әдемі қала. ___ ____ ____.Үкімет үиі биік.___ -___ ___.

5.Дәптермен жұмыс

Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.

5. «Кім жылдам ?» ойыны (Қалалардың аттарын атау)

Астана.Атрау. Ақтөбе.Орал. Ақтау. Тараз. Қызылорда т б

Буындық талдау жасату.

6.Сергіту сәті.Дидактикалық ойын «Кім не істейді»

- Шаштараз ....... (шашты қияды, шашын әсемдейді)

- Жүргізуші .............. (машина жүргізеді)

- Аспазшы .................. (пісіреді, тамақ әзірлейді)

IV. Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта немен таныстық.?

-Қазақстан  Республикасының елбасы кім ?

-Еліміздің рәміздерін атаңдар?

V.Мадақтау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.