так то ЕНТ / Разработки уроков / Қазақ тілі / Поурочные планы по Казахскому языку 5 класс для школ с русским языком / Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бір үйде біз нешеуміз? Жекеше, көпше түрлері

Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Бір үйде біз нешеуміз? Жекеше, көпше түрлері


Мұғалім: Семенова.Т.Н.

Сабақ:

Айы,күні________________

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     буын үндестігін  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: буын үндестігін меңгеру, отбасы  жөнінде өз пікірін айта   білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

«Менің  болашақтағы  пәтерім»  тақырыбында жазған  әңгімелерін   тексеру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма. «Бір үйде біз нешеуміз?» өлеңін оқып, аудару.

        Бір үйде біз нешеуміз?

        Кел, санайық  екеуіміз.

        Бас бармақ – әкем,

        Балаң үйрек – шешем,

        Ортан терек – ағам.

        Шылдыр шүмек – мен,

        Кішкентай  бөбек – сен.

        Бір үйде біз нешеуміз?

        Бір үйде біз бесеуміз.        (А.Сопыбеков)

2 – тапсырма. Диалогты оқып, толықтырыңдар.

3 – тапсырма. Сөйлемдер  құрастырыңдар.

                               ... ым        ... .        Менің                                           -ңда

Менің                                                   Сенің                отбасы ...           - нда

                               ... ім          ... .        Оның                                           - мда

 

               Ережемен  жұмыс

         Тәуелдік  жалғауы

І жақ. Менің –ым, -ім, -м       Біздің    - ымыз, -іміз, -мыз, -міз

ІІ ж. Сенің   -ың, -ің, -ң          Сендердің  -ың, -ің, -ң

         Сіздің  - ыңыз, -іңіз,      Сіздердің   -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

                     - ңыз, -ңіз

ІІІ ж.  Оның  -сы, -сі, -ы, -і     Олардың  -сы, -сі, -ы, -і

 

                  ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Өлеңді жаттау)

4 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды  орындау)

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау.

VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.