Кажекенова Эльмира Асимхановна
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ШҚО Семей қаласы
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының құрылысы.
1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:
а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер
12. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар
13. Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар
14. Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар
Өсімдік ұлпалары.
І-нұсқа
1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі б)жабын
2.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек
3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші
4. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш
5. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы
6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш
7. Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек
8. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:
а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі
9. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:
а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі
10. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.
11. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш
12. Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:
а)жабын ә)бөліп шығарушы б)негізгі
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.