так то ЕНТ / Разработки уроков / Предметная олимпиада / Физика / Физика пәні бойынша мектеп оқушыларының олимпиада аралық тапсырмасы. 11 сынып.

Физика пәні бойынша мектеп оқушыларының олимпиада аралық тапсырмасы. 11 сынып.


Физика пәні бойынша мектеп оқушыларының олимпиада аралық тапсырмасы.

11 сынып.

Әрбір 1-10 тапсырмасына 4 нұсқалық жауап беріледі, олардың ішінде тек 1 нұсқасы ғана дұрыс. Дұрыс жауаптың нөмірін кестеге жазу қажет.

1. Катер өзенді жағаға перпендикуляр бағытымен суға қатысты 4 км/сағ жылдамдықпен өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Катер жылдамдығының модулі өзеннің жағасына қарағанда:

1) 1 км/сағ    2) 5 км/сағ   3) 7 км/сағ   4) 9 км/сағ

2.Түйіршік α бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықпен үйкеліссіз домалайды. Сонда түйіршіктің үдеуі:

1)       2)      3)      4) 2

3. Дене20 м/с жылдамдығымен жоғары тік лақтырылды. Қандай биіктікте оның кинетикалық энергиясы потенциалдық  энергиясына  тең болады?

1) 20 м       2) 10 м           3) 5 м             4) 15 м

4. Салмағы,  жүкке әсер ететін ауырлық күшінен 2 есе үлкен болу үшін, жіптегі жүкті жоғары қандай  үдеуімен  көтеру  керек.

1)      2)      3)      4) а = 3

5.Қысымы 6 атм  және  температурасы 27 0С  газ  50 л  көлемді алады. Егер берілген массадағы газ 127 температурасында 100л көлемді алса, оның қысымы қандай болады.

1) 2 атм       2) 4 атм       3) 8 атм         4) 16 атм

6. Жылулық машинаның  ПӘК – і  41%  . Егер циклда пайдаланатын жылу 18% - ке артса, ал тоңазытқышқа берілетін  жылу  6% - ке азайса, ПӘК – тің мәні  қандай болады?

37%        2) 44%      3) 53%         4) 57%

7. Біреуі екіншісінен 4 есе артық болатын 2 оң заряд  бір – бірінен 30 см ара – қашықтықта орналасқан. Кіші зарядқа қарағанда қандай ара – қашықтықта электр өрісінің кернеуі

0 – ге тең болады?

1) 10 см        2) 15 см        3) 20 см        4) 25 cм

8. Резисторға тұйықталған бірнеше сым айналымы магнит өрісінде орналасқан. Егер магнит  ағының мәні біркелкі 0 – ден бастап Ф0  дейін алдымен t уақыттың ішінде, содан соң 4t уақыттың ішінде көбейсе, онда резистордың ішіндегі тоқ күші екінші жағдайда

1) 4 есе артады

2) 4 есе азаяды

3) 2 есе артады

4) 2 есе азаяды

           

9. Нукте гармониялық тербеліс жасайды. Тепе – теңдік күйінен 4 см – ге жылжу кезінде, оның жылдамдығы 6 см/с – ке тең, ал 3 см – ге жылжу жағдайында 8 см/с – ке. Циклді жиілікті табыңыз.

           1) 2 рад/с

           2) 4 рад/с

           3) 6 рад/с

           4) 8 рад/с

10.  Массалық және зарядтық сандары 14 пен 7 азот атомының ядросы,  массалық және зарядтық сандарына 65 пен 30  мырыштың ядросына қарағанда неше есе  кем нейтрондарды құрайды?

           1) 2,5

           2) 2

           3) 5

           4) 3,6

11, 12 есептердің толық шығарылуын көрсетіңіз және сан мәнін өлшем бірлігімен бірге жауап кестесіне еңгізіп жазыңыз.

11. Жазық конденсаторының электр өрісінің кернеуі (суретке қараңыз) 24кВ/м тең. Көздің ішкі кедергісі  r = 10 Ом, ЭҚК – і  ε = 30 В, резисторлардың кедергілері R1= 20 Ом, R2 = 40 Ом. Конденсатордың пластиналар арасындағы ара – қашықтықты табыңыз.

 

                                  

12. 5 мольды идеал газды 10 К – ға қыздыруы сонша, газдың температурасы газдың  көлемнің квадратына пропорционал болып өзгереді. Газ қыздыру кезінде қандай жұмыс атқарады?

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.