так то ЕНТ / Разработки уроков / Предметная олимпиада / Химия / Задания для школьных олимпиад по химии (каз) сынып 11

Задания для школьных олимпиад по химии (каз) сынып 11

Химия. 11 сынып

 

1.(6 балл) Қалыпты жағдайда толық жануы үшін қажетті қатынастағы көмірсутегі және оттегімен толтырылған бомбаныжарды. Көмірқышқыл газының жарысынан кейін пайда болған масса бастапқы көмірсутегінің массасынан  3,0 есе артық. Бомба ішіндегі жарылыс алдындағы газдар қоспасының тығыздығы сол жағдайдағы сутегінің тығыздығынан 17 есе артық.

 

a) СxHy газының жануы үшін жалпы теңдеуді құрыңыз.

b) Көмірсутегінің молекулярлық формуласын табыңыз.

с) Өнімдерді бастапқы жағдайға әкелсе, реакция өнімдерінің көлемі газдардың бастапқы қоспасының көлемімен салыстырғанда қанша есе өзгереді?

 

Ескерту: бір мольді ескеріңіз.

 

            2. (8 балл) Мыс мен массасы 2,00 г алюминиймен қорытпасын  газды бөлудің тоқталуына дейін тығыздығы1,40 г/см3 калий гидрооксидінің 40,0%-қ ерітіндісімен өңдеді. Қалғанын араластырылған азот қышқылында ерітті, пайда болған тұзды қыздырды. Қалдықтың массасықыздырғаннан кейін0,80 г болды.

Қорытпа мен сілтінің өзара әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.

Қорытпа қалдығы мен азот қышқылының өзара әрекеттесу теңдеуін жазыңыз.

Пайда болған тұзды қыздыру теңдеуін жазыңыз.

Массаны есептеңіз және оның қорытпадағы массалық үлесін анықтаңыз.

Алюминий массасын есептеңіз және оның қорытпадағы массалық үлесін анықтаңыз.

Реакция барысында K3[Al(OH)6] пайда болса шығындалған сілті ерітіндісінің көлемін есептеңіз.

            3.  (4 балл) Практикалық жұмысқа дайындалуда лаборант тұз ерітіндісі бар шыныда Cl2белгісі ғана анық көрінетіндігін байқады. Ол ерітіндіні екі тең бөлікке бөлді. Бір бөлікке магний сульфатының (А реакциясы) ерітіндісін қосты, бұл жағдайда 6,36 гтұнба пайда болды. Екінші бөлікке күміс нитратының ерітіндісін (реакция В) қосқанда, 7,82 гтұнба пайда болды.

Қандай металдың хлоридтік ерітіндісімен жұмыс жасағанымызды есептеп шығарыңыздар. A мен B реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар.

            4.(6 балл) Массасы 10,0 г. мырыш пен алюминийдің қорытпасының үлгісі тұз қышқылын ерітті. Бұл реакция барысында 7,03 л газ (қ.ж.) бөлінді.

Қорытпадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыздар. Осы қорытпаны ыстық концентрацияланған сілтінің ерітіндісінде еріткенде қанша газ бөлінеді?

            5.(6 балл) Халькопириттен (CuFeS2) тұратын10 тонна  рудадан  1,273 м3 күкірт қышқылы алынды. Барлық реакциялар бойынша 61,2% сомалық реакцияны алып (күкірт қышқылының тығыздығы - 1,8 г/см3),  рудадағы пайдалы минералдың құрамын анықтаңыз. Руданың қалған бөлігінде күкірт жоқ.

 

 

Барлығы: 30 балл

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.